Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

БАҚ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ТЕРМИНДЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 25.09.2019
Оқылды: 71 Печать страницы
БАҚ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ТЕРМИНДЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

       Бүгін Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «БАҚ кеңістігіндегі терминдер: тәжірибесі және теориясы» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өткізді. Онлайн сабақты Мәдениет және спорт министрлігі  Тіл саясаты комитеті Лингвистикалық жұмыстар басқармасының басшысы Гүлмира Құбаш жүргізді.

       Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан онлайн семинарды Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қызметшілері мен облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары тыңдады.

        Онлайн-семинарда «Қазақстан» ұлттық арнасының бас редакторы, ТМД Журналистер Конфедерациясы сыйлығының лауреаты Қайнар Олжай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к. Бауыржан Иманғалиев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к, доцент Сағатбек Медеубек, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Алмагүл Әділова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Филология факультетінің доценті, ф.ғ.к. Балкенже Қарағұлова, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Амангелді Шурентаев баяндама жасап, БАҚ кеңістігінің қордаланған мәселелері төңірегінде ой өрбітті.

         Республикалық БАҚ өкілдері, белгілі лингвист-ғалымдар, журналистер бірлесе отырып, бұқаралық ақпарат құралдары кеңістігінде қолданылатын терминдердің табиғаты мен ерекшеліктері, мемлекеттік тілде ақпарат тарату, соның ішінде тіл нормасының сақталуы, сөйлеу мәдениеті, терминдердің бірізді қолданылуы, БАҚ тілі категориясы мен тәжірибесінің сәйкестілігі мәселелерін талқылады.

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.