Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

БАЙҚАУДЫҢ ЕҢ ЖАС ҚАТЫСУШЫСЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 05.09.2019
Оқылды: 153 Печать страницы
БАЙҚАУДЫҢ ЕҢ ЖАС ҚАТЫСУШЫСЫ

Бүгінгі Тілдер мерекесінде жиналғандардың ерекше ықыласына бөленген "Жетісудың жыр керуені" жобасында "Ең жас қатысушы" номинациясына ие болған 6 жасар Айша Бестібай - Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Д.Қонаев атындағы орта мектептің 1 сынып оқушысы.
Әлеуметтік желіде Айша Мұқағали Мақатаевтың «Арманда ұлым» өлеңін нақышына келтіре отырып, жатқа оқыған болатын. Өзі кішкентай болса да, талабы таудай бүлдіршінге жиылған қауым қол соғып, зор қошамет көрсетті. Бүгінгі марапаттау шарасына  анасымен бірге келген  Айша  Мұқағали Мақатаевтың "Шеше, сен бақыттысың" өлеңін де мәнерлеп, әсерлі оқи білді. Мұзбалақ ақынның өлеңдерін жатқа оқып, биік шыңға қанат сермеген  балапанның қадамына сәттілік тілейміз.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.