Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

"АҚ ҚАУЫРСЫННЫҢ" ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 05.09.2019
Оқылды: 167 Печать страницы

        Бүгін Тілдер мерекесінде облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен жарық көрген "Ақ қауырсын" шығармалар жинағының тұсауы кесілді.
        Кітапқа "Рухани жаңғыру" мақаласының бір жылдығына орай Алматы облысы әкімінің "Ақ қауырсын" жүлдесі үшін тұңғыш рет өткізілген "Мәңгілік елдің мұраты" әдеби байқауы және Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған "Астана - бейбітшілік бесігі" мүшәйрасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің туындылары енген болатын.

         Облыс әкімінің "Ақ қауырсын" әдеби жүлдесін былтырғы жылы поэзия жанры бойынша Сағыныш Намазшамова, проза жанры бойынша Қанат Әбілқайыр иеленгені көпшіліктің есінде .

         Ал биылғы "Ақ қауырсынның" проза аталымы бойынша жүлдегері   Елдос Тоқтарбай:  "Тілдер мерекесінде, алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде жүлделі болу -  мен үшін естен кетпес естелік болды. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына алғысым шексіз. Облыс әкімінің "Ақ қауырсын" жүлдесі  - әдебиет сүйер жастарға  қолдау болып, олардың шығармашылық құлшыныстарын арттыратын, аты облыстық болғанымен, республикалық байқаулармен парапар" - деген орамды ойын ортаға салса, поэзия аталымы бойынша бас жүлдеге ие болған  Мұхтар Күмісбек "Жолдағы ауыл" өлеңіп оқып, жыр сүйер тыңдарманды ерекше  тебіреніске бөледі.

       Сол сияқты, "Періштені көрген бала" әңгімесінің авторы Әсем Жұмақан жүлделі ІІ орынды алды, ІІІ орынға  проза  бойынша  Мәулен Әнербай, поэзия бойынша  Ақниет Төленді ие болды. Барлық жеңімпаздар Дипломмен және  ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.