Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ТІЛДЕР КҮНІ – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 05.09.2019
Оқылды: 151 Печать страницы
 ТІЛДЕР КҮНІ – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ

        Тіл – татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі, ұлттың тұғыры. Тілдер мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

       Тілдер мерекесі маңызды мерекелердің бірі. Себебі, бұл күн – барша қазақстандықтардың ынтымағы мен бірлігінің мерекесі.

       Бүгін Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесінің салтанатты жиыны өтті.

       Салтанатты шараға Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Сұлтан Дүйсембинов, ҚР мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ардагер журналист Әли Ысқабай, Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайұлы, тіл жанашырлары, қоғам қайраткерлері,  этно-мәдени орталықтың өкілдері, белсенді жастар,  БАҚ өкілдері қатысты. Шараны Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев жүргізіп отырды.

       Шарада тіл саясатын белсенді насихаттауға үлес қосқан тіл жанашырлары, белсенді қызметкерлер Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасымен, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

       Мерекелік шарада облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен жарық көрген "Ақ қауырсын" кітабының тұсауы кесілді. Кітапқа былтырғы жылы өткен "Мәңгілік елдің мұраты" атты байқаудың қорытындысы бойынша ең озық деп танылған туындылар енген болатын.
Биыл облыс әкімінің дәстүрлі "Ақ қауырсын" жүлдесіне проза аталымы бойынша Елдос Тоқтарбайдың "Киелі топырақ" әңгімесі лайық деп танылды. Ал поэзия аталымы бойынша «Ақ қауырсын» жүлдесіне жас ақын Мұхтар Күмісбек ие болды.

        Жиналғандардың ықыласына бөленген "Жетісудың жыр керуені" жобасында "Ең жас қатысушы" номинациясына ие болған 6 жасар Айша Бестібайды ерекше атап өтуге болады. Айша Мұқағали Мақатаевтың «Арманда ұлым» өлеңін нақышына келтіре отырып, жатқа оқыған болатын. Өзі кішкентай болса да, талабы таудай бүлдіршінге жиылған қауым қол соғып, зор қошамет көрсетті.

        Бірлік пен татулықтың мерекесіне айналған тілдер күні әуезді әнмен аяқталды.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.