Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ЖЫР ДҮЛДҮЛІНІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 07.08.2019
Оқылды: 42 Печать страницы
ЖЫР ДҮЛДҮЛІНІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ

            Бүгін Тіл сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ әдебиетінің классигі, шоқтығы биік ақын, прозаик, драматург, қоғам қайраткері   Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған «Тілді білу – патриоттықты қалыптастыру» атты облыстық форум өтті.

          Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бірлесе ұйымдастырған форум дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жайында түсірілген деректі фильмді тамашалаумен басталды.

         Форумға «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, облыстық әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы, қоғам қайраткері Асылы Османова, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары, Ілиястанушы ғалымдар, І. Жансүгіров әдеби музейінің қызметкерлері, «Жаңғыру жолы» жастар штабы және БАҚ өкілдері қатысты.

        Форум барысында І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың профессоры, ф.ғ.д., Ілиястанушы М. Иманғазинов «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының көкжиегі», ЖМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.к., Ілиястанушы Ш. Қыяхметованың «І.Жансүгіровтің беймәлім қырлары», І. Жансүгіров әдеби музейінің аға ғылыми қызметкері С. Төлегенованың «Өнегелі ұрпақ ордасы» тақырыптарында жасалған баяндамалары тыңдалды.

         «Тілді білу – патриоттықты қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасаған Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ә. Кенжеғұлова «Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Сондықтан, облысымызда тілдерді дамыту, оның ішінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бүгінгі күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселенің бірі» - деп, ұлт бірлігінің басты факторы мемлекеттік тіл екендігіне тоқталды.

        Айтыскер ақын Қанша Райсова «Ілияс Абайдың інісі» атты авторлық өлеңін оқыды. Сол сияқты, этнос жастары Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер», «Ана тілі», «Өзіме», «Домбыра» сияқты шоқтығы биік өлеңдерін жатқа оқыса, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі К.Ақжолованың орындауында ақынның сөзіне жазылған «Шилі өзен қамыс-ай» әні шырқалды.

        Форум соңында қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

        Сондай-ақ, С. Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасы ақын шығармаларынан кітап көрмесін ұйымдастырды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.