Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

9 мамыр - Жеңіс күні құтты болсын!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.05.2019
Оқылды: 8 Печать страницы
9 мамыр - Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметті Отандастар!

Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

 

         Бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше.  

        Еліміз сұрапыл соғысқа Кеңестер Одағының бір бөлігі ретінде қатысып, майдан қажетіне қарай бейімделді.  Қазақстан жауынгерлері кеңес-герман майданының шешуші шайқастарына қатысты, сұрапыл майданда ерліктің өшпес үлгісін көрсетті.

        Бұл күн  тек, Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес,  Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай қалған арыстарымызды еске алатын күн.

        Бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесінде өшпес ерлік пен ерен еңбектің өнегесін көрсеткен  ардақты ардагерлерімізге мың мәрте тағзым!

        Бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті де ұлы мереке,  9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!

        Баршаңызға зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!

        Еліміз бейбіт, аспанымыз ашық болсын!

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.