Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР...

Санат: БАҚ біз туралы
Уақыты: 11.09.2017
Оқылды: 35 Печать страницы

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл-парасат» атты этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің ХІ облыстық байқауы өтті.

Тіл сарайында орын алған аталмыш сайыстың шымылдығын тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы, әділқазылар алқасының мүшесі Қаһарман Жақсылық ашты. Ол ел мен елді табыстыратын сөз құдіреті екендігін және барша қазақстандық мемлекеттік тілді еркін меңгеру қажеттігін алға тартып, қатусышыларға сәттілік тіледі.

Үш кезең бойынша өткен байқауға облыстың түкпір-түкпірінен келген 17 мен 22 жас аралығындағы азаматтар қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыс қорытындысы бойынша Қаратал ауданынан келген Алия Нейман жүлделі 3-орынды иеленсе, ақсулық Татьяна Бедарева 2-орыннан көрінді. Ал, түрлі сауалға тұшымды жауап қатып, жан-жақтылы мысал келтіре білген панфиловтық Дильназ Шарипова 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, әділқазы алқасы шешімімен Еңбекшіқазақ ауданы намысын қорғап келген Әмрабуви Джамиева жарыс жеңімпазы атанып, Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

АРДА БИ.

http://zhetysu-gazeti.kz/news/cat-4/1314/

· Уақыты: 11.09.2017

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.