Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

КӨРНЕКІ АҚПАРАТ ПЕН ЖАРНАМАҒА САУАТТЫЛЫҚ КЕРЕК!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 05.04.2019
Оқылды: 124 Печать страницы
КӨРНЕКІ АҚПАРАТ ПЕН ЖАРНАМАҒА САУАТТЫЛЫҚ КЕРЕК!

          Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастика бөлімі мен Талдықорған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қала көшелеріндегі аншлагтарды біріздендіріп, көрнекі ақпараттарды, жарнамаларды «Тіл» туралы заңымызға  сәйкес ретке келтіру жұмысын әрдайым назарда ұстап келеді.

        Облыстық тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қ. Бозтаева мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы С. Рысбаева қала көшелеріндегі  көрнекі ақпарат пен жарнамаларда кеткен кемшіліктер бойынша нысан иелеріне түсіндіру,  зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нысан басшыларының көпшілігі түсіністікпен қарап, барлық кемшіліктерді түзететіндерін айтты.  Алайда, өткен жолғы зерделеу бойынша түзетілмеген нәтижесіз нысандар да кездесті.

     Зерделеу кезінде орын алған олқылықтарды жіпке тізіп айтар болсақ, бірыңғай  орыс тілінде, ағылшын тілінде жазылған, араб графикасымен жазылған,  латын графикасы бойынша қате жазылған сөздер кездесті.

     Мәселен, «Сәттімир» ломбарды «2002 жылдан бергі сенімділік. Қымбат бағалаймыз», «Алтынды ақшасыз алыңыздар несиеге», «Алтынға жеңілдіктер. Бөліп төлеу» деген жазулары бар сыртқы жарнамасын латын  қаріптерімен жазған. Алайда, акут таңбаларының орнына апостроф  қойған.  Мамандар нысан басшысына бекітілген жаңа әліпбиді көрсетіп,  мән-жайды түсіндірді.

     Зерделеу барысында «Жаңа киімге шама келмей ақталамын», «Жылжымайтын мүлік жөнінде басыңды қатырма», «Салмаққа киім» деген тәрізді орыс тілінен аударылған мағынасы күңгірт жарнамалар да кездесті. Орысшасы көзге алыстан менмұндалап көрінетін жарнама қағазының бір бұрышына қазақша жазуды қыстыра салған нысандар да болды.

     Н. Назарбаев даңғылында орналасқан  «Лафламма» (La Flamma) мейрамханасы іші-сырты тегіс орыс, ағылшын тілінде жазылған. «Бұл - мейрамхана дизайны. Тек ағылшын тілінде жазылуы керек» дегенді алға тартқан нысан басшысына мамандар сыртқы жарнама мен жұмыс кестесін, ас мәзірін ағылшын тілімен қатар мемлекеттік тілде  де  жазылуы тиіс екендігін түсіндірді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.