Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАРА АЯСЫНДА «ЖАҢА ЕМЛЕ: ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ» АТТЫ ДӘРІС ӨТТІ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 14.03.2019
Оқылды: 103 Печать страницы
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАРА АЯСЫНДА «ЖАҢА ЕМЛЕ: ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ» АТТЫ ДӘРІС ӨТТІ

Еліміздің рухани өміріндегі өзекті мәселенің бірі – әліпбиіміздің өзгеруі. Заман талабынан туындаған жаңа бастаманы жандандыру баршамызға ортақ іс. Республика көлемінде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін ғылыми негізін түсіндіре алатын білікті мамандар дайындаудың маңызы өте зор. Осы тұрғыда бүгін Талдықорған қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында дәріс болып өтті.

Дәріс-семинардың мақсаты – латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияларға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау.

Дәрісті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы орфография басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызы және А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Жаңабекова Айман Әбділдәқызы оқыды.

Дәрісті облысық басқармалардың қызметшілері, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары және аталған орталықтың аудандық, қалалық филиалдарының оқытушылары, Талдықорған қаласы әкімдігінің қызметшілері, облыс, Талдықорған қаласы әскери бөлімдері, Төтенше жағдайлар департаменті, облыстық аурухана, «Азаматтарға арналған үкімет», Ұлттық Банк, «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері тыңдады.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.