Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 07.03.2019
Оқылды: 54 Печать страницы
8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

     Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы әзиз әжелерді, ардақты аналарды, аяулы аруларды көктемнің шұғылалы да шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

     «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген сөз текке айтылмаса керек. Бұл өмірде әйел-анаға тең келер ешкім жоқ. Шыр етіп дүние есігін ашқаннан-ақ ананың ақ сүтімен нәр алып, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеміз. Сәбидің аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де – ана. Олай болса, бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған абзал жандар, көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын! Әрқашан шаңырақтарыңыз берекелі болып, үйлеріңізден жылылық кетпесін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт тілейміз!
 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.