Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ТІЛДІК АХУАЛ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 05.03.2019
Оқылды: 38 Печать страницы
ТІЛДІК АХУАЛ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР

        Бүгін Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Тілдік ахуал: атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер» тақырыбында жиын өтті. Жиынға аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары мен бас мамандары және облыстық басқарма қызметшілері қатысты. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Башбаев кіріспе сөз сөйлеп, жиынды жүргізді. Басқарма басшысы өз сөзінде жыл басынан бері атқарылған істердің ауқымды тізбегі мен болашақ жоспарлары жайында айтып өтті. Мәселен, латыннегізді жаңа әліпби бойынша оқыту орталықтары жоқ аудандарда 10 орталық ашу жоспары, сол аудандардың көкейінде жүрген түйткілді сұрақ болғандықтан қатысушыларды қуантты.

     Жиында тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т. Рахымберлина және ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы Е. Ақшабаев баяндама жасады, баяндама барысында кейбір аудандарға қатысты кемшіліктер де айтылды. Талғар және Райымбек аудандарының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары Ф. Бегенбаева, Қ. Ажекеева жарыссөзге шықты.

     Жиын соңында басқарма басшысы А. Башбаев мамандарды тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын аттыруға қосқан үлесі үшін облыстық басқарма атынан Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады. Жиынға қатысушы қыз-келіншектерді келе жатқан төл мерекелерімен құттықтап, гүлшоқтары табысталды.

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.