Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

1 НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 01.03.2019
Оқылды: 33 Печать страницы
1 НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

      Көктемнің алғашқы күні, 1 наурызда Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтеді. Дана халқымыздың «Қарғыс алма, алғыс ал», «ел алғысын алсаң елеулісі боларсың», «алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас» деген өсиет сөздері арқылы алғыс айтудың орны ерекше екенін аңғаруға болады. Біреудің шынайы алғысына бөлену адамға үлкен рухани әсер береді. Алғыс білдіру адамдар арасындағы өзара құрметті, мейірбандықты көрсетеді, адамның адамға деген шынайы, таза ниетін білдіреді.

      Осы мерекеге орай Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ағылшын тілі курсының оқытушылары А. Есімбекова мен М. Мұқанованың ұйымдастыруымен «English and Kazakh holiday» яғни ағылшын және қазақ мерекесі тақырыбында «А2-Elementary» деңгейінің тыңдаушылары арасында ашық сабақ өтсе, аталған орталықтың мемлекеттік тіл курсының оқытушылары М. Болысбекова мен А. Кенжебаеваның ұйымдастыруымен «А1-қарапайым» деңгей тыңдаушылары арасында «Алғыс айту күні» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шараның мақсаты – құрмет көрсету, алғыс айту.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.