Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ЖАҢА ӘЛІПБИ – ЖАҢА ДӘУІР БАСТАУЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 01.11.2018
Оқылды: 40 Печать страницы
ЖАҢА ӘЛІПБИ – ЖАҢА ДӘУІР БАСТАУЫ

- Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі еліміздің болашаққа бастаған маңызды қадамы. Ол біз үшін және сіз үшін ғана емес, келешек ұрпақ үшін керек. Ұлт ұрпағы алдындағы борышымызды адал атқару мақсатында жұмыс жасап жатқан топ бүгін сіздердің пікірлеріңізді біліп, ақпарат беру үшін келді. Сол себепті, бұл басқосу жиналыс түрінде емес, еркін пікір алмасу түрінде өтеді, - деді жиынға төрағалық еткен «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов.

«Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» ақпараттық-түсіндіру жұмыс тобы Еңбекшіқазақ ауданының Байдібек ауылы және Есік қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, өзекті мәселелерді талқылады. Ордалы отырыста тіл мамандары, ұстаздар мен білімгерлер бас қосты. – Қазақ әліпбиінің латын графикасына негізделуі  тіліміздегі төл дыбыстардың сақталуын мақсат етеді. Сондай-ақ, әліпбидің ықшамдану үлгісін көрсетеді. Біз елдік мәселеге жаппай үлес қосуды парыз деп білеміз. Сол себепті, бұл жиын дайын дүниемен құлақтандыру емес, кездесуі мүмкін қиыншылықтарды анықтау, алдағы уақытта ескеру үшін ұйымдастырылуда, - деді жиын басында сөз алған Алматы облысының тілерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Туғанай Рахымберлина.

Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері арнайы дайындаған баяндамаларын оқып, аталған тақырыпта жиналған қауымның ой аясын кеңейтті. Арайлым Шормақова қазақ әліппбиінің жазба тарихына тоқталып, латын әліпбиіне көшудің түрткіжайттары туралы ақпарат берсе, Дана Пашан қазақ әліпбиінің емлесі туралы айтып берді. Яғни, жаңа емле ережесінің жобасы бойынша орын алған өзгерістер жайында тұжырым жасады. Сараптап айтылған сөздерді саналы қабылдаған аудан тұрғындары жиынға белсене қатысып, еркін пікір алмасу алаңын ашты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.