Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ӘДЕБИЕТ БІЛГІРЛЕРІНІҢ БӘЙГЕСІ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 10.10.2018
Оқылды: 86 Печать страницы
ӘДЕБИЕТ БІЛГІРЛЕРІНІҢ БӘЙГЕСІ

Бүгінгі таңда қазақ халқы тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік экономикалық, мәдени-білім жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Бұл ерекшеліктер осы жердегі халықтың бүгінгі өмірінен туындайды, оның тарихи сабақтастығы және салт-дәстүрімен, әдебиетімен айқындалады. Сондықтан өткен өмір із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі бір ретпен жинақталады. Міне, ғасырлар бойы жинақталған қазақ халқына тән ұлттық білім мен озық өнегені ұрпақ бойына сіңіріп, оның әдебиетін  оқытуда қолдану бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының рухани қайнар күші-әдебиет десек, сол әдебиет халықтың ерте замандардан бергі тарихының, эстетикалық болмысының, философиялық ойлауының, мәдениетінің жалпы рухани байлығының бастауы. Осы орайда Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде қолға алынған «Әдеби білгір» облыстық олимпиадасы ұлттық рухымыздың түпқазығы әдеби құндылықтарымызды жастар бойына сіңіруге, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған. Аталмыш дода жоғары сынып оқушыларының қазақ әдебиеті пәнінен білім деңгейін сараптап, ХХ ғасыр мен қазіргі заманғы жетісулық ақын-жазушылардың өмірі және шығармашылығынан хабар берді. Біздің өлке әдебиетті серік етіп, ұлт қазынасын молайтып жүрген жандарға бай өлке. Олардың өнегелі өмірі, шалқар шабыттан туған шығармашылығы көпке үлгі.

Екі кезеңнен тұратын бәйгеде 15-18 жас аралығындағы 30-дан астам білгірлер бақ сынасты. Соның ішінде төл әдебиетіміздің бұлағын сарқып ішіп, оның қайнарын татқан, шашасына шаң жұқтырмас нағыз жүйріктер жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен, бас жүлдені Талдықорған қаласындағы №22 орта мектептің оқушысы Әділ Құттыбаев еншіледі. Жүлделі 1 орынға қаламыздағы №19 білім ордасының оқушысы Алма Оңалған ие болса, екінші орынды Балқаш ауданының үмітін арқалап келген Аяжан Жансейіт иеленді.  Ал, үшінші орын Мұхаметбай Нартайдың еншісіне бұйырды. Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталып, барша қатысушылар алғыс хаттарға ие болды. Байқау нәтижесі бойынша үміттенерлік білім көрсеткішін көрсетіп, алайда ұпай саны жүлдегерлерге сәл жетпеген қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.