Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІР-САЙЫС ТУРНИРІ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 03.10.2018
Оқылды: 27 Печать страницы
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІР-САЙЫС ТУРНИРІ

Өткен айда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында пікірсайыс турнирі болып өтті. Тартысты додада облыстық Тіл басқармасының намысын қорғаған "Жас маман мен бас маман" тобы үздік ойын көрсетіп, бас жүлде кубогін және І дәрежелі дипломын еншілеген болатын. Осыған орай, ағымдағы аптада облыстық Тілдерді дамыту басқармасының командасы еліміздің бас қаласы – Астанада өткен Республикалық турнирде облысымыздың намысын қорғады. Еліміздің барлық өңірінен кіл жүйріктер бақ сынасқан аталмыш пікір-сайыс турнирінде нағыз дебат ойыншысына тән өзгені сендіре білу қабілеті мен шешендік қасиеттерімен еекшеленген «Жас маман мен бас маман» тобы жүлделі 3 орынға ие болды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.