Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

Астана – жаһандық бастамалар орталығы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 09.02.2018
Оқылды: 139 Печать страницы
Астана – жаһандық бастамалар орталығы

Арқа төсінен бой көтерген ару қала Астананың екі онжылдық торқалы тойына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Астана – жаһандық бастамалар орталығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Зиялы қауым, БАҚ өкілдері, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысқан жиында «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев: «Сарыарқаның сайын даласынан, ерке Есілдің жағасынан бой түзеген бас қала бүгіндері дүниежүзін өзіне қаратқан алып шаһар екені даусыз. Күллі әлемнің назарын аудартқан ұлы даланың кіндігі Астана – биік армандарға жол ашатын, үлкен бастамаларға негіз болатын қазақтың төрі» деп, Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпірдің 20 жылдық мерейтойымен жиналған қауымды құттықтады.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің п.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Дүйсен Аңсабаев: «Астана-болашақтың қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Жас мемлекетіміздің  жасампаздыққа  ұмтылысының арқасында жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық» десе, «Кәсіпкерлер» журналының бас директоры Гүлжиян Сүлейменова осыдан 20 жыл бұрынғы көріністерді баяндап, Елорда мәртебесін еншілеп тұрған әсем қала жайлы: «Астана - Қазақстанның кемел болашағын құру үшін жаңару мен жаңа идеяларды енгізудің үлгісі. Өзінің жаңа тарихында өзге ұлттарды ғана емес, бүкіл адамзатты бейбітшілік пен келісімге шақырып отырған ынтымақтың  мекені. Астана - Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының жемісі, баянды бақытымыздың бастауы» деді.

Келелі  кедесуде танымал журналист, «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Тілеуқабыл Мыңжасар  Астана жайлы әдемі естеліктерімен бөлісіп, тыныштықты берік орнықтырған қадамдарды қайта қаперге салып өтті.

Басқосуда «Алатау» газетінің бас редакторы Айтақын Бұлғақов, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әлия Жақыпбекова да орамды ойларын ортаға салды.

#ЯзаЛатиницу, #LatynQoldai’myn, #ЛатынТаңдаймын, #ПоддержимЛатиницу, #залатиницу #LatyndyQolda, #Қолдаймын

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.