Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

«Бүгін менің туған күнім» атты әдеби сазды кеш өтті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.02.2018
Оқылды: 160 Печать страницы
«Бүгін менің туған күнім» атты әдеби сазды кеш өтті

Тіл сарайында қазақ  поэзиясындағы қайталанбас дара тұлға Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Талдықорған қаласындағы №54380 әскери бөлімінің ұйытқы болуымен «Бүгін менің туған күнім!» атты әдеби сазды кеш өтті.  

Ақын шығармашылығына арналған әдеби кеште №54380 әскери  бөлімінің қызметшілері шайыр өлеңдерін оқып,  жырдан  шашу шашты. Сондай-ақ, ақын сөзіне жазылған әндер де орындалды.

 Кеш барысында облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, ақын Жұматай Оспанұлы, І. Жансүгіров атындағы  Жетісу  мемлекеттік университетінің оқытушысы, ақын Дүйсен Аңсабаев, №54380 әскери бөлімінің командирі  полковник Шоқан Саржігітов сөз алып,  поэзия әлеміне Әбділда Тәжібаевтың ақ батасымен келген, бүгінде күллі қазақтың ардақ тұтар ұлына айналған ақын Мұқағали Мақатаев туралы  ішкі  ой-өрімдерімен бөлісті.

«Оның өршіл әрі нәзік иіріммен өрілген өлеңдері өмірдің өзіндей шынайы. Сол шынайылықтың арқасында ол мәңгілік махаббат жыршысына айналды. Оның қаламының құдіреті көз жетпес биік шың секілді. Ақын сол құдіретті өлшеммен құнды, сонысымен биік», -  деді №54380 әскери бөлімінің командирі  полковник Шоқан Саржігітов.

Кеш соңында  өнерлерімен көрерменді тәнті еткен қатысушыларға  арнайы диплом табыс етілді. 

#ЯзаЛатиницу, #LatynQoldai’myn, #ЛатынТаңдаймын, #ПоддержимЛатиницу, #залатиницу #LatyndyQolda, #Қолдаймын

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.