Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

Бірыңғай сағат өтті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 29.01.2018
Оқылды: 237 Печать страницы
Бірыңғай сағат өтті

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауларында қоғамның жегіқұрты жемқорлықты тізгіндеп, ауыздықтаудың бағыттарын нұсқап, оның жүзеге асырылуын қатаң қадағалап келеді.  Биылғы  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдаудың тоғызыншы бағытында да  сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы тағы нақты тоқталды.

Елбасы жемқорлықты азайту үшін мемлекеттік органдардың халықпен және бизнес құрылымдарымен қарым-қатынасын цифрландырып, электронды форматқа көшіру керектігін айтты. Үкіметке қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, қылмыстық заңнаманы барынша ізгілендіріп, тергеу үдерістері кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауға жағдай жасау мәселесіне баса назар аударды.

Осы орайда ұйымдастырылған жаппай облыстық бірыңғай сағаты Алматы облысының тілдерді  дамыту жөніндегі басқармасында да өтті. Жиынға басқармадағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметшілері қатысты.

«Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты тақырыпта өткен басқосуда  Елбасы Жолдауы кеңінен талданып, қатысушылар  өз ұсыныстарын айтып, пікір білдіріп, белсенділік танытты.

Жиында ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы Ермек Ақшабаев баяндама жасады. Өз сөзінде ол жемқорлыққа қарсы күресу шараларына бүкіл қоғамды жұмылдыру керек деді.  Бұдан  кейін сөз алған әкімшілік және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Гүлбану Әбіләжімова, ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы Жігер Өзекбаев та  өз ойларын ортаға салды.

#ЯзаЛатиницу, #LatynQoldai’myn, #ЛатынТаңдаймын, #ПоддержимЛатиницу, #залатиницу #LatyndyQolda, #Қолдаймын

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.