Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

"Намыс - жебе" оқырманға жол тартты

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 06.12.2017
Оқылды: 338 Печать страницы

Облыстық «Жетісу» газеті спорт бөлімінің меңгерушісі,  С. Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері, спорт шолушысы, қаламы қарымды журналист Ришад Тұрғанбайұлының «Намыс-жебе» атты  кітабы жарық көрді. Қазақ халқының көк байрағын тек биіктерден желбіретіп жүрген, ұлтымыздың мақтанышына айналған чемпиондарымыз жайлы жылы жазбалары мен әсерлі сұхбаттары, спорт өнері турасындағы ой-толғамдарының бір парасы сараланған жинақтың тұсаукесері Тіл сарайында өтті.

Айта кетейік, кітап бес бөлімнен тұрады. Әр бөлім  әр жылдағы тарихи спорттық шаралардан сыр шертеді. Алғашқы екі бөлімде 2012 жылы өткен Лондан олимпиадасы және 2011 жылы елімізде болған қысқы Азия ойындарының нәтижелерімен қатар, аталмыш додалардың Жетісу жерінде насихатталуы жазылған. Қалған үш бөлімге қазақтың ұл-қызын қайрап, намысын жанитын материалдар топтастырылған. «Найзағай намыс», «Ұлттық спорт», «Жасыл алаң»  деп аталатын бөлімдерден журналистің өткір материалдарымен танысуға болады. Жетісу спортының тарихын түгендеп, жетістігін жарқыратып жазып жүрген журналистің әр материалынан өңіріміздегі  спортшыны және оның нәтижесін танып, көбіне  жанкүйер біле бермейтін сырларын оқи аласыз.

1000 данамен оқырманға жол тартқан «Намыс-жебе» кітабы Ришад Тұрғанбайұлының келесі жинақтарының ақ жолтайы болуына тілектеспіз!

#ЯзаЛатиницу, #LatynQoldai’myn, #ЛатынТаңдаймын, #ПоддержимЛатиницу, #залатиницу #LatyndyQolda, #Қолдаймын

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.