Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

АБАЙ МҰРАСЫ – МӘҢГІЛІК ҚАЗЫНА

Биыл ұлтымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Ұлы ақынның шығармалары қай заманда да өзекті. Қазіргі уақытта Абай музейінің асыл қорында әр жылдары баспадан жарық көрген Абай шығармалары және «Семей облысындағы ақын, жазушылардың тартуы» жинағы сақталған. ХХ ғасырдың басында баспадан жарық көрген Абай шығармалары қазіргі таңда ұрпаққа мұра ретінде қалған құнды жәдігерлер қатарында. Ең алғаш Абай шығармаларын ұлтымыздың жанашыры Әлихан Бөкейханов жинақтады. Ол ақынның шығармалырын жинақтау сақтау, халық арасында насихаттау жолында өлшеусіз еңбек сіңірді. Кәкітай мен Тұрағұл арқылы ақын шығармаларын жинап, баспаға дайындау жұмыстары жүргізілді. Сөйтіп, 1909 жылы Санкт-Петербург қаласындағы Ілияс Бораганский баспаханасынан Абай шығармаларының алғашқы жинағы жарық көрді. Бұдан кейін Абай шығармалары 1922 жылы Қазан қаласында, Ташкентте, 1933 жылы Қызылордада жарық көрді. 1940 жылы Абай музейінің ашылуына орай «Семей облысындағы ақын-жазуш...
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.01.2020

АРТЫҚ ҒЫЛЫМ КІТАПТА

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының кітапхана қоры елдік мұратты асқақтатып, ұлт бірлігін биіктеткен хакім Абайдың бес кітабымен толықты. Олар: 1909 жылы Санкт-Пертербургте жарық көрген Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы; 1922 жылы Ташкентте және Қазанда басылып шыққан «Таңдамалы өлеңдер жинағы»; 1933 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан, латын қарпінде жазылған қара сөздері; 1895 жылы «Семей облысындағы ақын-жазушылардың тартуы» атты арнау өлеңдер жинағы. Құнды кітаптар Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық-музейінен алынып, көшірме кітап түрінде жасатылды. Биыл әлемдік мәдениеттің шоқтығы биік тұлғасына айналған, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық меретойы. Торқалы тойдың қарсаңында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тағылымы мол Абай мұраларына арналған сегіз шара өткізуді жоспарлап отыр. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырда...
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.01.2020

Ұшақ апатының салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы

Алматы облысының Талғар ауданында жолаушылар ұшағының апат болуы салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2019 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда. http://www.akorda.kz/kz/legal_acts/bylaws/ushak-apatynyn-saldarynan-adamdardyn-kazaga-ushyrauyna-bailanysty-kazakstan-respublikasynda-zhalpyulttyk-aza-tutu-zhariyalau-turaly
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.12.2019

Кербұлақтағы қуанышты сәт

19 желтоқсан күні орталығымыз тағы бір ауданын филиалымен толықты. Кербұлақ ауданында ашылған филиалдың ашылуына Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Кәрбозұлы, әдіскер Жеңіс Хамитұлы, "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Сәния Абзалбекқызы қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.12.2019

Бастама жалғасы Балқашта

Бүгін Алматы облысы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының қатары Балқаш ауданындағы жаңа филиалымен толықты. Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Кәрбозұлы, әдіскер Жеңіс Хамитұлы, "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Сәния Абзалбекқызы ашқан Балқаш аудандық филиалы бүгінгі күннен бастап өз жұмыстарына толықтай кірісті.
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.12.2019

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды! Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи мерекеде барша қазақстандықтарға берекелі ғұмыр, зор денсаулық, татулық пен береке, бейбіт аспан, тілейміз. Отанымыз Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін! Егемендігіміз еңселі, тіліміз тұғырлы болсын!
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.12.2019

ТІЛ МЕН ЕГЕМЕНДІК ЕГІЗ ҰҒЫМ

Бүгін Тіл сарайында тәуелсіздік күніне орай, салтанатты мерекелік кеш өтті. Мерекелік шарада Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А.Башбаев құттықтау сөз сөйлеп, басқарма қызметкерлерін марапаттады. Облыста тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыруға қосқан үлесі үшін басқарманың бас мамандары Ж.Ақылова, және Д.Кожухова Құрмет граммотасымен, А.Қалива, Е. Иембекұлы, сол сияқты «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық филиалдарының меңгерушілері басқарманың Алғыс хатымен марапатталды. Ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы Г.Әбіләжімова «Тіл мен егемендік егіз ұғым» тақырыбында баяндама жасады. Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының әншілері әннен шашу шашты.
Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.12.2019

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ТАРИХИ СӘТ

Тәуелсіздігіміздің басты тұғыры – тіл. Еліміздегі ұлық мереке Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысында Тіл оқыту орталықтарының салтанатты ашылу шарасының өтуі тарихи оқиға. Бүгін Райымбек, Кеген, Панфилов аудандарының тұрғындары дәл осы қуанышты сәттің куәсі болды. Райымбек ауданында Алматы облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы Райымбек аудандық филиалының ашылу шарасына аудан әкімі Н.Құдайбергенов, аудан әкімінің орынбасары Н. Сағатбекұлы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының әдіскері Ж. Хамитұлы, Алматы облыстық «Тіл» оқу әдістемелік орталығының оқытушылары, мемлекеттік мекеме басшылары, аудандық ақсақалдар алқасы, аудандық әйелдер кеңесі, БАҚ өкілдері қатысты. Дәстүрлі әнші Серік Сүйіндік жырдан шашу шашты. Аудан әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы мен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының әдіскері Жеңіс Хамитұлы филиалдың лентасын қиып, тілдерді оқыту орталығының ашылуымен құттықтап, ақжарма тіле...
Толығырақ... Оқылды: 225 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.12.2019

САЛТАНАТТЫ СӘТТІ КҮН

Бүгін Жамбыл және Талғар аудандарында Алматы облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының аудандық филиалдарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Талғар аудандық Тіл оқыту орталығының ашылу салтанатына арнайы келген қоғам қайраткері, тіл жанашыры, филология ғылымдарының докторы, профессор Асылы Осман және Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Айдар Карбозұлы филиалдың лентасын қиды. Салтанатты жиында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А.Башбаев: - Бүгінгі таңда баршамыздың алдымызда латыннегізді әліпбиге кезең-кезеңмен көшіруді жүзеге асыру, әліпбидің емле ережелерін ересек тұрғындарға үйрету, машықтандыру сияқты үлкен міндеттер тұр. Осы орайда, облыс көлемінде ересектерге тілдерді үйренуге, латыннегізді әліпбидің емле ережелерін меңгеруде Тіл оқыту орталықтары маңызды. Биыл Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлынның қолдауымен барлық аудан, қалаларда тіл оқыту орталықтарын ашу мүмкіндігіне ие болдық. Орталықта...
Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.12.2019

КӨРНЕКТІ ЛИНГВИСТ ӘБДУӘЛИ ҚАЙДАРДЫҢ ТІЛДІК ӘЛЕМІ

Жуырда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Ұлы дала тұлғалары: Қазақтану іліміндегі академик Ә.Т.Қайдардың тілдік әлемі» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шара ел мәдениеті мен ғылымын дамытуға орасан еңбек сіңірген көрнекті түркітанушы ғалым, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Түркияның «Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының құрметті мүшесі, қоғамдық ғылымдар саласы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың иегері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті президенті, ҚР БжҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбдуәли Қайдардың 95 жылдығына орай ғалымның сан салалы ғылыми мұрасы мен өнегелі өмірін ғылыми ортада талқылау, өскелең ұрпаққа үлгі ету. Республикамыздың, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің белгілі...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.12.2019
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.