Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

«Тілдарын» облыстық олимпиадасын өткізу қағидалары

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 14.02.2019
Оқылды: 79 Печать страницы

1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы «Тілдарын» облыстық олимпиаданың (бұдан әрі – Олимпиада) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған іс шараларды өткізу мақсатында әзірленді.

2. Олимпиаданы өткізу мақсаттары:

1) үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарға қолдау көрсету;

2) қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру.

3. Олимпиада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

4. Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

1) Бірінші іріктеу кезеңі – аудан, қалаларда 2019 жылғы 1 шілдеге дейін өткізіледі;

2) Екінші кезең – облыстық олимпиада 2019 жылдың тамыз айында;

3) Үшінші кезең - республикалық олимпиада 2019 жылғы қазан айында Шымкент қаласында өткізіледі.

5. Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бірінші іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатыса алады.

6. Бірінші іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын анықтау қағидасын жергілікті атқарушы органдар осы Қағиданы негізге алып әзірлейді және бекітеді.

 

2. Олимпиаданы өткізудің тәртібі

 

7. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (Бұдан әрі - Басқарма) олимпиаданы ұйымдастырушы болып табылады.

8. Олимпиада ережесі 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады.

9. Олимпиадаға қатысу үшін жазбаша өтінімді 2019 жылдың 1 тамызына дейін жергілікті атқарушы органдар (Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері) өткізілетін орны мен мерзімі нақтыланған арнайы хатқа жауап ретінде Басқармаға төмендегі құжаттармен бірге жібереді:

1) өтінім (осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

2) жеке куәліктің көшірмесі.

3) аудандық, қалалық «Тілдарын» олимпиадасы қорытындысы хаттамасының көшірмесі.

10. Олимпиада мынадай тапсырмалардан тұрады:

1) экранда көрсетілген мәтін, картина немесе видеоның мазмұнын толық ашу (қазақ, орыс және ағылшын тілінде);

2) мәтінге ілеспе аударма жасау (берілген мәтіннің тіліне байланысты қалған екі тілге);

3) тыңдалым (ҚАЗТЕСТ жүйесінің В2 деңгейі бойынша тест тапсырмаларын орындау).

4) тапсырылған тақырып бойынша эссе жазу (берілген тақырыпқа сәйкес кілт сөздер тізімі, сөз тіркестері, тақырыпқа сәйкес мақал-мәтелдер мен сөйлемдерді қолдану міндеттеледі);

11. Басқармаға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

3. Қорытынды ережелер

 

12. Олимпиада қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Басқарма бекітеді.

13. Қазылар алқасы қатысушыларды бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

1) тілдерді меңгеру деңгейі;

2) жазу сауаттылығы мен дыбыстардың дұрыс айтылуы;

3) жауаптың оралымдылығы мен толықтығы;

4) жауаптың ерекшелігі мен мазмұндылығы;

5) өзін-өзі ұстауы және уақытын дұрыс пайдалануы.

14. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

15. Олимпиаданың жеңімпаздары туралы ақпарат Конкурс біткеннен кейінгі 10 жұмыс күн ішінде ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастыруымен өтетін республикалық олимпиадаға жолдама беріледі.

 

Анықтама үшін:

Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 36/б Тіл сарайы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.

Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-01-53, 40-01-67

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.