Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсын өткізу қағидалары

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 14.02.2019
Оқылды: 9 Печать страницы

1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсының
    (бұдан әрі – Конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бағытталған іс шараларды өткізу мақсатында әзірленген.

2. Конкурсты өткізудің мақсаты мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақ тілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болып табылады.

3. Конкурс төрт номинациядан тұрады:

1) «Үздік мақала»;

2) «Үздік телебағдарлама»;

3) «Үздік радиобағдарлама»;

4) «Үздік сайт мақаласы».

4. Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатыса алады.

5. Алдыңғы конкурстардағы бас жүлдемен марапатталған жеңімпаздар Конкурсқа қатыстырылмайды.

 

2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

 

6. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

7. Конкурстың ережесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады.

8. Конкурсқа қатысу үшін Конкурс Қағидасының 3-тармағында көрсетілген төрт номинацияның біреуі бойынша жазбаша түрде Басқармаға 2019 жылғы 25 мамырға дейін мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1) өтінім (осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

2) 2018 жылғы 11 маусым мен 2019 жылғы мамыр аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген екі материалды, соның ішінде радио және телебағдарламаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы және мерзімдік баспа сөздегі жарияланған мақалаларды;

3) мақала жарияланған газет-журналдар, сайттардың скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары;

9. Конкурс Қағидасының 8-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.

10. Басқармаға ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.

 

 

 

3. Қорытынды ережелер

 

11.Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Басқарма бекітеді.

12.Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады. Бас жүлдегерге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен өтетін республикалық конкурсқа жолдама беріледі.

 

Анықтама үшін:

Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 36/б Тіл сарайы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.

Байланыс телефоны: 8 (7282) 40-01-60, факс: 30-59-50, e-mail: asemake@mail.ru

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.