Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

«Текті сөздің төресі – терме» облыстық жыршы-термешілер байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 14.02.2019
Оқылды: 155 Печать страницы

Жалпы ереже

 

«Текті сөздің төресі – терме» облыстық жыршы-термешілер байқауы (бұдан әрі – Байқау) тіл мәдениетін дамытуға және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттауға бағытталған.

Байқауды өткізудің мақсаттары:

  • сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
  • ұлттық өнердің мәйегі болып табылатын жыр және терме жанрын дамыту;
  • жыр және терме өнерін жастардың арасында дәріптеу.

 

Байқауды ұйымдастыру тәртібі

 

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады

Байқауға облысымыздың әр аудан, қаласынан 16-35 жас аралығындағы бір үміткер қатысады.

Байқау жеңімпаздарын қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы анықтайды.

Алдыңғы байқаудың Бас жүлдегері осы байқауға қатыстырылмайды.

Байқау аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органдардың (аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі) жәрдемдесуімен өткізіледі.

Байқаудың ережесі бұқаралық ақпарат құралдарында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ресми сайтында орналастырылады.

Байқау үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – 2019 жылғы мамыр-шілде айларында аудан, қалаларда өткізіледі.

Екінші кезең – 2019 жылғы тамыз айында Талдықорған қаласы Тіл сарайында өтеді.

Үшінші кезең – республикалық байқау 2019 жылғы қазан айында өтеді.

Байқауға қатысу туралы өтінім үстіміздегі жылдың 1 тамызына дейін төмендегі құжаттармен бірге беріледі:

  • деректемелік ақпарат;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • ұсынылатын терменің немесе жырдың мәтіні.

Үміткерлерге 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына және Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы шығармаларды орындау ұсынылады.

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

  1. орындалатын шығарманың ұсынылған тақырыптарды қамтуы мен өзектілігі;
  2. шығарма мазмұнының тереңдігі;
  3. шығарманы орындау шеберлігі;
  4. тіл нормасының сақталуы;
  5. сахна мәдениеті.

Байқау жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады. Бас жүлдегерге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен өтетін республикалық байқауғажолдама беріледі.

Анықтама үшін:

Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 36 Б, Тіл сарайы, 22-кабинет. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.

Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-01-62, 40-01-61, факс: 30-59-50

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.