Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

А.Байтұрсынұлы атындағы облыстық байқауды өткізу қағидалары

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 14.02.2019
Оқылды: 4 Печать страницы

1. Жалпы ережелер

 

1.А.Байтұрсынұлы атындағы облыстық байқаудың (бұдан әрі – Байқау) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай және тілдерді оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттырып, ынталандыруға бағытталған іс шараларды өткізу мақсатында әзірленді.

1.2. Байқау ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын оқытушылар арасында өткізіледі.

1.3. Байқау мемлекеттік тілде өтеді.

1.4. Облыстық Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі 23-45 жас аралығын қамтуы тиіс.

1.5. Алдыңғы Байқаулардың бас жүлде және І орын иегерлері байқауға қатыстырылмайды.

Байқаудың мақсаты:

- ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын шығармашыл оқытушыларды анықтау, қолдау, марапаттау;

- оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын шыңдау және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ілгерілету;

- оқытушылардың латын графикасына негізделген қазақ тілін оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу;

- латын графикасына негізделген қазақ тілін меңгертудің озық үлгісіндегі педагогикалық тәжірибелерді тарату.

 

2. Байқауды өткізу тәртібі

2.1. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

2.2. Байқау жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өткізіледі.

2.3. Байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады.

2.4. Байқау 3 кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең: байқауға қатысушылардың бейнетаныстырылымымен танысу, талдау, бағалау, қорытынды шығару (ұзақтығы –­­ 5 минут).

Екінші кезең: педагогикалық-психологиялық жағдаяттарға арналған тапсырмалар (ұзақтығы ­–3 минут);

  • кезең: сабақ үлгісінің тақырыбын таңдау, 8-10 тыңдаушыдан құралған аудиторияда сабақ үлгісін көрсету (ұзақтығы – 20 минут).

2.5 Кезеңдер бойынша қойылатын талаптар:

2.5.1 Байқауға қатысушылар 2019 жылдың 1 маусымға дейін өз жұмыстарын таныстыру мақсатында 3 минуттан аспайтын дайын бейнетаныстырылымды obl.til.damytu.5@mail.ru электрондық поштасына жіберуі тиіс.

2.5.2 Белгіленген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды. Қабылданбай қалған жұмыстар кері қайтарылмайды.

Бейнетаныстырылымда мынадай материалдар қамтылуы керек:

Кіріспе бөлім «Автопортрет»

  • Титул парағы;
  • Анкеталық мәліметтер;
  • Кәсіби өсу парағы;
  • Өзіндік білім жетілдіру жоспары.

Негізгі бөлім «Жұмыс материалдары»

  • Міндетті рубрикалар;
  • Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі мен емлесін оқыту әдістемесіне байланысты БАҚ-та жарияланған мақалалары.

Қорытынды бөлім «Менің жетістіктерім»

(Бейнетаныстырылым авторының жетістіктерін айғақтайтын құжаттар)

  • Сертификаттар мен куәліктер;
  • Құрмет грамоталары, дипломдар мен алғыс хаттар;
  • Авторлығымен жарық көрген оқу-әдістемелік құралдар мен жобалар (тіл үйретуге арналған мобильді қосымшалар т.б.)

2.6. Қазақ тілі сабағының үлгісі «Қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешенінің» В2-С1 деңгейлері бойынша Басқарма ұсынған тақырыптарға сәйкес әзірленуі тиіс. Аталған деңгейлер бойынша тақырыптар қосымша ұсынылады.

2.7. Байқау кезеңдері төменде берілген критерийлер бойынша 5-10 ұпай аралығындағы шкаламен бағаланады.

2.7.1 Бейнетаныстырылым мынадай критерийлер бойынша бағаланады:

- бейнетаныстырылымдағы материалдардың Байқау шартына сәйкестілігі

орналастырылған материалдардың ғылыми және әдістемелік құндылығы (ғылыми-практикалық тұрғыдан, өзектілігі тұрғысынан, қазақ тілін үйретудің жаңа нәтижелі әдістерін қолдануы тұрғысынан);

- бейнетаныстырылымдағы материалдардың шынайылығы, сауаттылығы;

- бейнетаныстырылым моделінің өзіндікерекше құрылымының болуы;

- мәліметтер мен ақпараттардың анық және логикалық жағынан дұрыс құрылыммен орналастырылуы;

- таңдалған ақпараттық-коммуникативтік технологияның мақсатқа сәйкестігі және тиімділігі (барлық танысушыларға түсінікті және қолайлы интерфейс, навигациялардың қолайлы болуы, эргономикалық тұрғыдан икемділігі, сілтемелердің қолжетімді болуы);

- бейнетаныстырылым дизайнының тартымдылығы мен эстетикалық талапқа сәйкестігі.

2.7.2 «Қазақ тілі» сабағының үлгісі мынадай критерийлер бойынша бағаланады:

- жаңа әліпбиге негізделген қазақ тілінің емле ережелерін терең меңгеруі;

- тақырыпты терең меңгерген болуы және оқу процесін дұрыс ұйымдастыра алу қабілетінің көрінуі;

- сабақтың елтанымдық сипатының болуы;

- оқытушының тақырыпты меңгертуде түрлі ақпарат көздерін қолдануы, оны игерту шеберлігі;

- тіл үйренушілермен кері байланыстың болуы, тақырыпты меңгерту барысында оқушыларды ынталандыра білу қабілетінің көрінуі;

- оқытушы қолданған оқу-әдістемелік ресурстардың (аудио, бейне, мультимедиалық, көрнекілік т.б.) сабақ мазмұнына сәйкестілігі;

- оқытушы қолданған технологиялардың (әдістер-тәсілдердің, сабақ түрінің т.б.) тиімділігі мен ерекшелігінің көрінуі;

- әдістемелік материалдары жаңашыл, озық үлгідегі әдістермен қамтылуы;

- сабақтың тәрбиелік мәнде және танымдық сипатта өтуі;

- оқытушының өзіндік шығармашылық бейнесінің, коммуникативтік мәдениеті мен импровизациясының көрінуі;

- оқытушының тіл үйренушінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалауы.

 

Қорытынды ережелер

3. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Басқарма бекітеді.

4. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.

5. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

6. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады.

 

Анықтама үшін:

Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 36/б Тіл сарайы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.

Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-01-56, 40-01-60

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.