Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық конкурсының қағидалары

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 14.02.2019
Оқылды: 192 Печать страницы

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан халқы тілдер күніне орай бағытталған іс шараларды өткізу мақсатында әзірленді.

2. Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

2) тіл мәдениетін көтеру;

3) көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру;

4) талантты жастарды табу.

3. Конкурс мемлекеттік тілде өткізіледі.

4. Конкурс 3 кезеңнен тұрады.

1) Бірінші кезең – аудан, қалаларда 2019 жылдың 15 маусымға дейін өткізіледі.

2) Екінші кезең – облыстарда және Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 2019 жылдың 22 шілдесіне дейін өткізіледі.

3) Үшінші кезең – республикалық конкурс, Қарағанды облысында
2019 жылғы қыркүйек айында өткізіледі.

5. Конкурсқа 17-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

6. Конкурсты өткізудің бірінші кезеңінің Қағидасын аудан, қалалардың жергілікті атқарушы органдары әзірлейді және бекітеді.

 

2. Конкурсты өткізудің тәртібі

 

7. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

8. Конкурстың ережесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады.

9. Конкурс мынадай тапсырмалардан тұрады:

2019 жылы атап өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне сәйкес:

1) Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай аталған қаламгерлердің шығармаларынан және қазақ әдебиетіндегі көрнекті прозалық шығармаларынан үзінді оқу.

2) Сәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу;

10.Конкурс шарттары:

1) мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауы керек;

2) мәтіндерді жатқа оқу;

3) фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады.

11. Басқармаға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

 

3. Қорытынды ережелер

 

12. Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Басқарма бекітеді. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды.

13. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

1) көркем мәтінді оқу шеберлігі;

2) дұрыс дыбыстауы;

3) көркем мәтінді таңдау талғамы;

4) сахналық образ және оқу шеберлігі.

14. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

15. Конкурстың жеңімпаздары туралы ақпарат Конкурс біткеннен кейінгі
10 жұмыс күн ішінде ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады.

 

Анықтама үшін:

Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 36/б Тіл сарайы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.

Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-10-49, 40-01-65

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.