Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ЛАТЫННЕГІЗДІ ҰЛТТЫҚ ӘЛІПБИ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 07.02.2019
Оқылды: 174 Печать страницы
ЛАТЫННЕГІЗДІ ҰЛТТЫҚ ӘЛІПБИ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында латыннегізді ұлттық әліпби кабинеті ашылды. Кабинет латыннегізді ұлттық әліпбиді үйрету, жаңа емле ережелерін түсіндіру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында жасақталған және онда ұлттық әліпбиге қатысты дәрістер, оқу курстары, семинарлар т.б. іс шаралар өткізілетін болады. Латыннегізді ұлттық әліпби кабинеті соңғы үлгідегі интербелсенді тақта, компьютерлермен, жаңа әліпбиді үйретуге қажетті бағдарламалармен жабдықталған, қазіргі қазақ тіл білімі салалары бойынша соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектер жинақталған. Кабинетте qazlatyn.kz, emle.kz, tilalemi.kz, atau.kz, termincom.kz, qujat.kz сынды ақпараттық порталдар қолжетімді. Сондай-ақ кабинетте қазақ тілін латын графикасына көшіру бастамасын алғаш көтерген ғалым, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Әбдуәли Қайдардың жеке кітапханасынан сыйға тартылған кітаптар қойылған. Жаңа әліпбиге арналған кабинеттің ашылу салтанатын І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Маратұлы Баймырзаев жүргізді. ЖМУ-дың гуманитарлық факультетінің деканы, философия докторы Айна Маратқызы Рахимова және Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Карбозұлы Башбаев латыннегізді жаңа әліпбиге қатысты баяндама жасады. Сол сияқты салтанатты рәсімге Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Ғ. Тұрсынбай, Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Г. Исағұлова, Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының қызметшілері, Жетісу мемлекеттік университетінің қызметкерлері т.б. қонақтар қатысты. Ашылу салтанаты «Жаңа жазу – жаңа білім – жаңа таным» атты семинар-кеңеспен жалғасты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.