Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

«ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ»

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 06.02.2019
Оқылды: 220 Печать страницы
«ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ»

Бүгін дәл осы тақырыппен Тіл сарайында Талдықорған қаласы,  54380 әскери бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген, қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған  поэзия кеші болып өтті.

Кеште сөз кезегін алған әскери бөлімнің кітапханашысы Г. Абылова ақиық ақынның шығармашылығымен таныстырды.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттерінің орындауындағы «Аққулар ұйықтағанда» қойылымы қойылды, әскери бөлім қызметкерлері және олардың балалары М.Мақатаев өлеңдерін үлкен сезіммен, мәнерлеп оқыды.  Ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды.

Кеш  соңында кештің қонақтары  сатирик жазушы Тұрлыхан Кәрім, ақын Жангелді Немеребай, ақын Қажет Андас және 54380 әскери бөлімінің командирі, полковник  Ш.Тоқтасынұлы сөз сөйлеп, ақын жайлы естеліктер айтылды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.