Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОНОМАСТИКАЛЫҚ АХУАЛДЫ ЗЕРДЕЛЕУ АНЫҚТАМАСЫ

Санат: Жұмыс көрсеткіштері
Уақыты: 09.01.2019
Оқылды: 51 Печать страницы

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан облыстық ономастика комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 29 қараша Текелі қаласындағы ономастикалық ахуалдың            жай-күйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеумен Текелі қаласы және Рудничный ауылдық округі қамтылды.

         Зерделеу барысында Текелі қалалық әкімдігінің 2016-2018 жылдар аралығында тіл заңнамаларының орындалуына бақылау жүргізу және ономастика саласы бойынша атқарған жұмыстары қамтылды.

Өңірдегі ономастикалық ахуалды жақсарту мақсатында қала әкімдігінің               2018 жылғы 15 наурыздағы №75 қаулысымен арнайы жұмыс тобы құрылып, жұмыс жоспарына сәйкес тиісті шаралар атқарылған. Ағымдағы жылы жұмыс тобының 4 отырысы өткізіліп, қала бойынша ономастикаға қатысты атқарылған жұмыстар және деректемелер мен көрнекі ақпараттардағы мемлекеттік тіл мәселелері қаралған. Қала, ауылдық округ әкімдіктерінің ономастикалық жұмыстарға жауапты мамандарына әлеуметтік нысандарға, елді мекендерге және оның құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атауға байланысты құжаттарды дұрыс ресімдеу тәртібі түсіндіріліп, 3 дөңгелек үстел, 1 семинар өткізілген.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау бойынша қалалық «Текелі тынысы» газетінде мемлекеттік тілді насихаттау тақырыбында 2017 жылы 34 мақала, 2018 жылы 30 мақала, оның ішінде ономастика саласына байланысты 8 мақала жарияланған және 2 аспалы қондырғы мен 1 билборд орнатылған.

«Тіл тазалығын сақтайық» акциясын ұйымдастыру мақсатында                        «Тіл қорғандары» атты жұмыс тобы құрылып, арнайы жоспарға сәйкес қала бойынша 6 дәріхана, 8 дәмхана, 123 дүкен, 7 шаштараз, 58 мекеме, кәсіпорындарға көрнекі ақпарат тілдерін зерделеу үшін 6 мәрте рейд жүргізген. Рейд қорытындысы бойынша кемшілікке жол берген 5 жеке кәсіпкермен қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілген.

Көрнекіліктерді жаңартуға 2016 - 2018 жылдарға 6 000 000 (әр жыл сайын 2 000 000  теңгеден) теңге қаражат бөлінген.

Текелі қаласы әкімдігіне қарасты 2 әкімшілік бірлік (1 қалалық әкімдік,   1 ауылдық округ), 2 елді мекен, 108 көше, 7 мектеп бар. Кісі есімімен аталатын көше атаулары – 66, оның ішінде 39 көше «Тарихи тұлғалар» тізіміндегі есімдермен аталады.

Бүгінгі күнге идеологиялық тұрғыдан ескірген Рудничный ауылдық округі мен Советская, Подхозная, Веселая поляна секілді 28 көшенің атауы өзгертуді қажет етеді. Осы орайда қала әкімдігі тарапынан атауларды өзгертуге байланысты жұмыстар соңғы 3 жылда баяу жүргізілуде.

Халыққа қызмет көрсету орталығында болған тексеру нәтижесі оң көрсеткішті көрсетті. Барлық көрнекі ақпарат құралдары мен хабарландырулардың басым көпшілігі заңнама талаптарына сай жазылған.

Дегенмен, ономастикалық ахуалды жақсарту барысында атқарылған жұмыстармен қатар кемшіліктер де орын алуда:

Халыққа қызмет көрсету орындарының (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалар, дүңгіршектер) маңдайшаларында жазылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттар «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес ресімделмеген. Мысалы:

  • «Ару» дүкенінің атауы латыннегізді қазақ әліпбиінде «DUKEN ARU» -деп қате көрсетілген, дұрысы: «ARÝ DÚKENI»;
  • «Балалар ойыншыКтары» - деп қате жазылған;
  • «Сказка» кафесінің, «Меруерт» сауда үйінің, «DOSBOL NET» интернет клубының сыртында орналасқан мәтіндер, «Текелі қалалық ауруханасы» МКК 2 мөртаңбасында мекеменің атауы және балалар бөлімі мен терапия бөлімінде бірқатар хабарландырулар, Халыққа қызмет көрсету орталығындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, Рудничный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамалары тек орыс тілінде жазылған;
  • Бейбітшілік көшесінде орналасқан кейбір аншлагтар «Мира» деген ескі атаумен қалып қойған.

Қаладағы ономастикалық ахуалды ретке келтіру мақсатында төмендегідей ұсыныстар жасалды:

  1. Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жергілікті жерде ономастикалық ахуалды ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін.
  2. Көше аншлагтарын біріздендіру жұмыстары қолға алынсын;
  3. Көрнекі ақпараттар мен жарнамалар «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңға сәйкес ретке келтірілсін.

 

 

Зерделеу жүргізген

Ж. Өзекбаев, Д. Кожухова

ономастикалық жұмыс және

талдау бөлімінің мамандары

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.