Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ОНОМАСТИКА КОМИССИЯСЫНЫҢ ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША №4 ШЕШІМІ

Санат: Ономастика комиссиясы
Уақыты: 09.01.2019
Оқылды: 17 Печать страницы

Бүгінгі күнге идеологиялық тұрғыдан ескірген Рудничный ауылдық округі мен Советская, Подхозная, Веселая поляна секілді 28 көшенің атауы өзгертуді қажет етеді. Осы орайда қала әкімдігі тарапынан атауларды өзгертуге байланысты жұмыстар соңғы 3 жылда баяу жүргізілуде.

Халыққа қызмет көрсету орталығында болған тексеру нәтижесі оң көрсеткішті көрсетті. Барлық көрнекі ақпарат құралдары мен хабарландырулардың басым көпшілігі заңнама талаптарына сай жазылған.

Дегенмен, ономастикалық ахуалды жақсарту барысында атқарылған жұмыстармен қатар кемшіліктер де орын алуда:

Халыққа қызмет көрсету орындарының (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалар, дүңгіршектер) маңдайшаларында жазылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттар «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес ресімделмеген. Мысалы:

  • «Ару» дүкенінің атауы латыннегізді қазақ әліпбиінде «DUKEN ARU» -деп қате көрсетілген, дұрысы: «ARÝ DÚKENI»;
  • «Балалар ойыншыКтары» - деп қате жазылған;
  • «Сказка» кафесінің, «Меруерт» сауда үйінің, «DOSBOL NET» интернет клубының сыртында орналасқан мәтіндер, «Текелі қалалық ауруханасы» МКК 2 мөртаңбасында мекеменің атауы және балалар бөлімі мен терапия бөлімінде бірқатар хабарландырулар, Халыққа қызмет көрсету орталығындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, Рудничный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамалары тек орыс тілінде жазылған;
  • Бейбітшілік көшесінде орналасқан кейбір аншлагтар «Мира» деген ескі атаумен қалып қойған.

Комиссия шешті:

  1. Текелі қаласындағы ономастикалық жұмыстарға байланысты атқарылған іс-шаралар туралы қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлының есебі назарға алынсын;
  2. қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ономастикалық ахуалды ретке келтіру жұмыстары белсенді жүргізілсін;
  3. 2019 жылдың І тоқсанында тиісті ономастика комиссиясының қарауына идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды қайта атау туралы ұсыныс енгізілсін;
  4. Халыққа қызмет көрсету орындарына (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалар, дүңгіршектер) әдістемелік көмек көрсете отырып, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндерін реттеу жұмыстары жүргізілсін;
  5. 2019 жылғы 1 сәуірге дейін атқарылған іс-шаралар жөнінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына ақпарат берілсін;
  6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық ономастика комиссиясының хатшысы Е. Ақшабаевқа жүктелсін.

 

 

Комиссия төрағасы

А. Әбдуәлиев

 

Комиссия төрағасының орынбасары

А. Башбаев

 

Комиссия мүшелері

Ғ. Тұрсынбай

 

Ғ. Сарыбаев

 

Д. Жүнісов

 

Р. Алпысбаев

 

Д. Нұржанов

 

Ә. Жақыпбекова

 

 

Комиссия хатшысы

Е. Ақшабаев

 
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.