Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ҮЗДІК ТІЛ МАМАНЫ – 2018

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 12.12.2018
Оқылды: 166 Печать страницы
ҮЗДІК ТІЛ МАМАНЫ – 2018

Бүгін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тіл мамандарының кәсібіне деген сүйіспеншілігін үстемелеп, ең үздігін анықтау мақсатында «Үздік тіл маманы – 2018» облыстық байқауы болып өтті. Сайысқа 15 аудан, қаланың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері яғни тіл мамандары қатысты. Қатысушылардың өнерін бағалап, кіл жүйріктен кім жүйрікті анықтаған қазылар алқасының құрамында қазақ журналистикасының корифейі Тілеуқабыл Мыңжасар, Алматы облысы әкімі аппаратының Бас инспекторы Райхангүл Нүсіпбекова, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева болды.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар бірінші кезеңде өздерін таныстырса, екінші кезең үй тапсырмасында өз өнерлерін көрсетті. Тіл мамандарының бірі әуелетіп ән салса, енді бірі көрермендерді поэзия әлеміне шақырды. Ал үшінші кезең, яғни ақтық сында әр үміткер қазылар алқасының алдында тұрған билеттердің ішінен біреуін таңдап, онда берілген сұрақтарға жауап берді. Байқау барысында тіл мамандарының кәсіби біліктіліктерімен қатар, өнер өлкесінен алыс емес екендіктері көрініс тапты.

Шара соңында қатысушылар арнайы алғыс хаттармен және 20 мың теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Жүлделі 3 орын және 40 мың тг. көлеміндегі ақшалай сыйлыққа Ғалия Бекжанова (Алакөл ауданы), Ардақ Әубәкірова (Іле ауданы) және Ақмарал Қанапина (Еңбекшіқазақ ауданы) ие болды. Нұрбек Досымханов (Кеген ауданы) пен Қаракөз Садықова (Көксу ауданы) 2 орынға тұрақтап, оларға 60 мың тг. сыйақы табысталды. Бірінші орын және 80 мың тг. Жазира Қашағанованың (Ескелді ауданы) қанжығасына байланды. Байқаудың бас жүлдесі, «Үздік тіл маманы - 2018» аталымы және 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы Алтынай Рахатоваға (Қапшағай қаласы) табысталды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.