Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.12.2018
Оқылды: 144 Печать страницы
ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілердің тіл байлығын арттыру, білімге, тапқырлық пен ұшқыр ойлылықты, тәжірибе алмастыруын және қисынды ойлау дағдысын жетілдіру мақсатында басқарма, департаменттердің тілге жауапты мамандары арасында «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты облыстық брейн-ринг интеллектулдық турнирі өтті.

Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында тілге жауапты мамандарды ынталандыру, сонымен қатар, топта жұмыс істей білу қабілетін және логикалық дағдысын жетілдіру мақсатында өткізілген шарада 18 басқарма, департаменттердің мамандары өзара топ құрып, 6 команда бәсекеге түсті. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, ниетін білдірді. «Аяғына нық тұрып, әлем өркениетіне қарыштап қадам басып келе жатқан елімізде саяси бастамалардың оңды орындалуын жан-жақты жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілер жүйелі жұмыстар атқаруда. Бүгінгі сайыс, еліміздің қозғаушы күші болып отырған, мемлекет ісіне ар ісі деп қарайтын, тілге жауапты мамандар қатысып отыр. Қатысушыларға сәттілік тілеп, ел игілігін көксеген ортақ істі абыроймен атқарыңыздар деймін», - деді Айдар Карбозұлы.

Брейн-ринг интеллектуалдық турнирі облысымыздағы мемлекеттік қызметшілердің бойында жалын, санасында білім, жүректерінде қайрат бар екенін дәлелдеді. Сайыс нәтижесі бойынша «Достық» және «Бірлік» командалары ынталандыру сыйлығына ие болды. Ал, «Жас қыран» және «Самғау» топтары 3 орынды өзара бөлісті. Ақтық сында тартысты ойын көрсеткен «Жетісу» тобы 2 орынды иеленсе, үздік деп танылған «Тілашар» тобы 1 орынды қанжығалады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.