Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ЖАҢА ӘЛІПБИ – ЖАҢА ДӘУІР БАСТАУЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 30.11.2018
Оқылды: 22 Печать страницы
ЖАҢА ӘЛІПБИ – ЖАҢА ДӘУІР БАСТАУЫ

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бүгін облыстық тексеру комиссиясы қызметкерлерімен кездесіп, латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Төл әліпбиден төл сөз қалыптасады, төл сөзден ұлт тілі қалыптасады. Сол себепті, бүгінгідей жиындарда әліпбимен, емле ережесінің жобасымен танысып, әркімнің күнделікті өзін-өзі дағдыландыруы маңызды», - деді Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Карбозұлы. Басқарма жанынан құрылған «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты жұмыс тобының мүшесі, облыстық «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов: «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі еліміздің болашаққа бастаған маңызды қадамы. Ол біз үшін және сіз үшін ғана емес, келешек ұрпақ үшін керек. Ұлт ұрпағы алдындағы борышымызды адал атқару мақсатында жұмыс жасап жатқан топ бүгін маңызды қадам алдында насихат жүргізіп, ақпараттандыру үшін келді», - деді сөз басында. Ордалы отырыста өзекті мәселелер жайында өрнекті ой қозғалып, қажетті ақпарат берілді.

Қазақ әліпбиінің латын графикасына негізделуі тіліміздегі төл дыбыстардың сақталуын мақсат етеді. Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Зинагүл Халыққызы жиналған қауымды жаңа әліпбидің емле ережесінің жобасымен таныстырып, өзгерістер жайында ақпарат берді. Оның ішінде, әліпбиде жоқ дыбыстардың таңбалануы, сөздерді тасымалдау жайына тоқталды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.