Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ЖАҢА ЖАЗУ ЖАҒЫМДЫ ПІКІР ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 03.11.2018
Оқылды: 30 Печать страницы
ЖАҢА ЖАЗУ ЖАҒЫМДЫ ПІКІР ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

«Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты ақпараттық-түсіндіру тобы Талғар ауданында болып, Қызылқайрат және Еркін ауылдарында Алатау, Қайнар ауылдық округтері және Белбұлақ, Тұздыбастау, Бесағаш, Алмалық, Рысқұлов ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Жиынға модераторлық еткен облыстық «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов: «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі еліміздің болашаққа бастаған маңызды қадамы. Ол біз үшін және сіз үшін ғана емес, келешек ұрпақ үшін керек. Ұлт ұрпағы алдындағы борышымызды адал атқару мақсатында жұмыс жасап жатқан топ бүгін сіздердің пікірлеріңізді біліп, ақпарат беру үшін келді», - деді сөз басында. Тіл мамандары, ұстаздар әне жастар қамтылған ордалы отырыста өзекті мәселелер жайында өрнекті ой қозғалып, қажетті ақпарат берілді.

 Қазақ әліпбиінің латын графикасына негізделуі  тіліміздегі төл дыбыстардың сақталуын мақсат етеді. Сондай-ақ, әліпбидің ықшамдану үлгісін көрсетеді. Біз елдік мәселеге жаппай үлес қосуды парыз деп білеміз. Сол себепті, бұл жиын дайын дүниемен құлақтандыру емес, кездесуі мүмкін қиыншылықтарды анықтау, алдағы уақытта ескеру үшін ұйымдастырылуда, - деді жиын барысында сөз алған Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Туғанай Рахымберлина.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері Арайлым Шормақова мен Дана Пашан жиналған қауымға латын әліпбиіне көшудің түрткіжайттарын айтып, тарихына көз жүгіртті. Сондай-ақ, жаңа әліпбидің емле ережесінің жобасымен таныстырып, өзгерістер жайында ақпарат берді. Оның ішінде, әліпбиде жоқ дыбыстардың таңбалануы, сөздерді тасымалдау жайына тоқталды. Тақырып қатысушылар тарапынан қызу талқыға түсіп, белсенді өтті. Тұрғындар көкейдегі сан сауалға жауап алып, түсінік аясын кеңейтті. Аталмыш жиын Іле ауданының Өтеген батыр ауылдық округінде жалғасын тапты. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дейді халық даналығы. Ел үшін, туған тіл үшін маңызды рефоманың сәтті жүзеге асуы біздің бірлікпен жұмылғанымызды талап етеді. Біз оған дайынбыз» - деп қатысушылар пікірлері мен оңды ойларын жеткізді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.