Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

НЫСАНДАРҒА АТАУ БЕРУ – ЖАУАПТЫ ІС

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 01.11.2018
Оқылды: 23 Печать страницы
НЫСАНДАРҒА АТАУ БЕРУ – ЖАУАПТЫ ІС

Үстіміздегі жылдың жұмыс жоспарына сәйкес облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қапшағай қаласы мен Кербұлақ, Қаратал аудандарына қарасты ауылдық округ әкімдері мен тілге жауапты мамандардың, аудандық мәслихат, сәулет және қала құрылысы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандарының қатысуымен Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында «Нысандарға атау беру  – жауапты іс»  атты көшпелі семинар-кеңес ұйымдастырды.

Семинардың басты мақсаты ауылдық, қалалық, кенттік округ әкімдеріне, жергілікті қоғамдастық мүшелеріне және аудандық, қалалық мәслихаттар мен әкімдіктердің мамандарына әкімшілік-аумақтық бірліктер, елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау жұмысы бойынша әдістемелік көмек көрсету болды.

Жиынды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы А. Башбаев ашып: «Есімдер ғасырлар көшімен сырғып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жатады. Атаулар арқылы еліміздің өткен тарихы, салт-дәстүрі, сенім-нанымы мен ел үшін еңбек еткен тарихи тұлғалар жайлы мәлімет таратылады. Сол себепті нысандарға ономастикалық атаулар беру, қайта атау ісі үлкен жауапкершілікті талап ететін іс» деп айтты.

Сондай-ақ шарада басқарманың ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы Ермек Ақшабаев семинар-кеңеске қатысушы әкімшілік-аумақтық бірліктерге қарасты елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктері бойынша ономастикалық ахуалға талдау жасады. Орын алып отырған кемшіліктерге тоқталып, нақты ұсыныстар енгізді.

Өз кезегінде Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Б. Момбаев, Қапшағай қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Рахатова мен Қаратал ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Ақиремова  өз аймақтарындағы ономастика саласы бойынша өзекті мәселелерді ортаға салып, атқарылып жатқан жұмыстар жайында мәліметтер берді.

Сонымен қатар, басқарманың ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы Ж.Өзекбаев жалпы елді мекендерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау жұмыстарын жүргізу тәртібі, заңдық негіздері жайлы баяндама жасады.

Жиын соңында әдістемелік нұсқаулық кітапша таратылып, пікір алмасу жүргізілді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.