Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ ҚҰБЫЛЫС ЖӘНЕ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 31.10.2018
Оқылды: 27 Печать страницы
ҚОҒАМДЫҚ ҚҰБЫЛЫС ЖӘНЕ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Қоғамда қызу талқыға ие мәселенің бірі – латын  әліпбиіне көшу. Бүгін қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі облыстық «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты жұмыс тобы Көксу ауданындағы Мұсабек және Қаратал ауданына қарасты Елтай ауылында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өзекті тақырып төңірегінде ой қозғап қайтты.

Шарада «Өлке тынысы» ЖШС-ның директоры Мейрам Жанәділов жаһандану көшіне ілесіп, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің сапында тұру үшін латын әліпбиінің атқарар рөлі турасында ой өрбітсе, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Туғанай Рахымберлина өңірімізде атқарылып жатқан істерге тоқталды.

Жиында кезекті сөз алған облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Зинагүл Қожекеева: «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру кезінде тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптер түбегейлі қысқарады. Қазақ тілі ұлттық табиғи таза қалпына ие болып, құлаққа жағымды әуезділік оралады» - деп, латын әліпбиіне көшудің тілімізге тигізер тиімді тұстарын тізіп берді.

Ал І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары гуманитарлық факультеттің деканы, PhD доктор Айна Рахимова және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Гүлім Чукенаева емле ережелерін жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшудің мәні мен маңыздылығын әр адам өз отбасынан бастауы керектігін баса айтты.

Қос бірдей ауданда өткен жиында тұрғындар ерекше белсенділік танытып, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен ойларын ортаға салды.

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.