Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 31.10.2018
Оқылды: 36 Печать страницы
ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін түсіндіруге арналған көшпелі жұмыс тобы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Тұрғын халыққа барынша толыққанды мәлімет беруді мақсат тұтқан ғылыми топ бүгін Жамбыл ауданының Мыңбаев және Жамбыл ауылдарында кездесулер өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

- Жаңа әліпби – рухани жаңғырудың болашаққа бағытталғанының айқын айғағы. Бір сөзбен айтқанда, әлемдік өркениетке бағыттайтын күре жол. Сол жолда жасалған әр іс іргесі берік елдің бекем келешегіне кірпіш болып қаланары сөзсіз. Бүгінгі бас қосып отырған жиынымыз сол жолға бірігіп басқан қадамымыздың белгісі, - деді жиынға модераторлық еткен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев.

Сондай-ақ, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері латын графикасындағы әліпбидің емле ережесінің жобасымен таныстырып, ерекшеліктері жайында айтып өтті. Одан бөлек, жиылған қауым көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, ұсыныстарымен бөлісті. Жиын лекторлары аталған мәселелерді ескеріп, емле ережесін құру барысында жетекші ғалымдарға ұсыныстарын жеткізетіндерін айтты. «Елдікі бүгін үшін, менікі ертең үшін» деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, қазіргі таңда елімізде болып жатқан тілдік реформалар ертеңгі күннің еншісі үшін елеулі болмақ. Ғасыр көшеді, адам озады. Ал, тіл сол ұлттың ұрпағымен ілесіп, міңгі жасайды. Туған тіліміз бізге ғасырлар қақтығысынан бар байлығы мен қазынасын сақтай отырып жеткен. Ендігі жерде дәл сол құндылығымызды шашауын шығармай ертеңгі ұрпаққа табыстау біздің мойнымыздағы үлкен міндет. Сол міндетті бірге абыроймен атқарайық», - деді Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Арайлым Ботанқызы.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.