Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ТОЛҒАМДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНҒАН ЖИЫН

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 30.10.2018
Оқылды: 35 Печать страницы
ТОЛҒАМДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНҒАН ЖИЫН

Бүгінгі таңда барша қазақстандықтардың алдына қойылған міндет те, қызмет те, азаматтық парыз да біреу ғана. Ол – елмен бірге туылып, тарихымызбен қатар өркендеген тіліміздің келешекте мәңгілік елдің асыл қазынасы болып сақталуын қамтамасыз ету. Бүгінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында тілге қамқорлық жасалып, оның аясын кеңейтуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Мемлекет басшысы ел тарихында маңызды орын алатын мәртебелі шешімді жариялаған күннен бастап, облысымызда латын графикасындағы қазақ әліпбиін халыққа түсіндіріп, көкейтесті мәселелерді анықтау үшін жұмыс тобы құрылып, түрлі шаралар қолға алынуда.

«Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты ақпараттық-түсіндіру тобы бүгін Қарасай ауданына ат басын тіреп, Шамалған және Бірінші май ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында латын графикасының емле ережесінің жобасы таныстырылып, тұжырымды ойлар айтылды. Жұмыс тобының құрамында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Ермек Ақшабаев болып, жүздескен жұртшылыққа жаңа әліпбидің жарқын тұстарын таныстырды және алдағы уақытта бекітілетін емле ережесіне қатысты ғалымдар пікірімен бөлісті.

Сондай-ақ, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері Дана Пашан мен Арайлым Шормақова емле ережесінде орын алатын өзгерістермен таныстыра отырып, әлі де зерттеп-талдауды қажет ететін олқы тұстар жайында ақпарат берді. Қатысушылар тарапынан толғамды мәселелер қозғалып, маңызды сауалдар қойылды. Әсіресе, көпшілікті сөздердің қалай тасымалданатыны, қыстырма сөздер және кірме сөздердің жазылуы жайы алаңдататыны белгілі болды. Бұл сұрақтарға жауап берген ғалымдар: «Аталған мәселелер жайы әлі  де білікті мамандар тарапынан талқыланып жатыр. Әйтседе, өзге тілдерден енген сөздердің көпшілігін өз тіліміздің заңдылықтарына сай өңдеп, төл тілімізге бейімдеп алуымыз қажет екені анық. Сондай-ақ, ё әрпінің орнына ө таңбасын қолданып, бірқатар сөздерді дыбыс үндестігіне сай өңдейміз. Мәселен, дирижөр, актөр деген сияқты», - деді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.