Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ЖАҢА ӘЛІПБИ – ЖАҢА ДӘУІР БАСТАУЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 23.10.2018
Оқылды: 44 Печать страницы
ЖАҢА ӘЛІПБИ – ЖАҢА ДӘУІР БАСТАУЫ

«Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» ақпараттық-түсіндіру тобы аудандар мен елдімекендерде халықпен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін аталмыш топ Панфилов ауданына ат басын тіреді. Онда Алтыүй және Талды ауылының жұртшылығымен жүздесті.

Шараның алғы сөзін «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов алып, жаңа әліпбидің ел үшін маңыздылығына тоқталды.

- Латын графикасына көшу қазақстандықтардың ұлттық снасы мен рухын қайта тірілтеді. Одан бөлек, латын графикасы бүкіл әлемдегі этникалық қазақтардың қарым қатынасына оң ықпалын тигізеді. – деді ол.

Сондай-ақ, ақпараттық топтың құрамында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері Гүлжихан Көбденова мен филология ғылымдарының кандидаты Дана Пашан болып, халықты толғандырған мәселелерге жауап берді. Гүлжихан Көбденова қазақ жазуының тарихы тақырыбында танымдық мәліметтермен бөлісті:

- Тіл ол тірі ағза іспетті. Ол да қарауына қарай дамып, өркендейді. Біздің тіліміз өз тарихында халықпен бірге талай қиындықты бастан өткерді. Бірақ, еш уақытта өз құндылығын жоғалтқан емес, - деді ол.

Жиын барысында топ мүшесі Дана Пашан латын графикасындағы қазақ әліпбиінің орфографиялық ережелері жайында айтып берді. Оның ішінде, сөздердің қалай тасымалданатыны, қыстырма сөздер және жіңішкелік пен қатаңдық белгісінің жазылуы жайында ақпарат берді:

- Қазақ графикасының негізгі ережелерін құрамында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының орфографтары, фонетика және ономастика саласының жетекші зерттеушілерінен жасақталған жұмыс тобы дайындады. Ал, топтың ғылыми жетекшісі профессор Нұргелді Уәли болды. Әліпбиде барлығы 32 әріп, 9 дауысты және 23 дауыссыз дыбыс бар.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.