Навигация

Серіктестер

Жаңалықтар

ЖАҢА ӘЛІПБИДІ МЕҢГЕРУДЕГІ IT ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Тіл сарайында Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Емле ережелерінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтары» атты облыстық конференция болып өтті. Шараға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, білім беру ұйымдары, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық филиалдары, облыстық Полиция департаменті Талдықорған политехникалық колледжінің оқытушылары қатысты. Алғаш болып сөз алған І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың кафедра меңгерушісі Гүлім Чукенаева «Жаңа емле ережелері – қазақ тілін реформалаудың басты тетігі» тақырыбында көлемді баяндама жасап, латыннегізді қазақ әліпбиінің емле ережелерін бүге-шүгесіне дейін түсіндірді. Гүлім Төлеуқызы өз сөзінде: - Жазуда дәстүрдің маңызы зор. Өйткені ол графикалық санамен тікелей байланысты. Қазіргі адамдардың барлығының санасында сөздердің графикалық бейнесі бар - деп, төл сөздерді жазуд...
Толығырақ... Оқылды: 2 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.05.2019

Жаңа әліпби – жарқын болашақ кепілі

Бүгін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында семинар өтті. Семинарға басқарма қызметшілері, «Тіл» орталығының оқытушылары, облыстық әділет департаменті, сот сараптама орталығы, статистика департаменті, полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, обаға қарсы күрес станциясы, облыстық онкологиялық диспансері, қазпошта, калалық білім бөлімінің білім беру ұйымы, халыққа қызмет көрсету орталығы, әскери бөлімдер қызметкерлері қатысты. Семинарға қатысушыларға латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы мағлұмат берілді. Латыннегізді қазақ әліпбиінің емле ережесі түсіндірілді. Белсенді қатысушылар өз ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасты.
Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.05.2019

9 мамыр - Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметті Отандастар! Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Еліміз сұрапыл соғысқа Кеңестер Одағының бір бөлігі ретінде қатысып, майдан қажетіне қарай бейімделді. Қазақстан жауынгерлері кеңес-герман майданының шешуші шайқастарына қатысты, сұрапыл майданда ерліктің өшпес үлгісін көрсетті. Бұл күн тек, Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес, Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай қалған арыстарымызды еске алатын күн. Бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесінде өшпес ерлік пен ерен еңбектің өнегесін көрсеткен ардақты ардагерлерімізге мың мәрте тағзым! Бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті де ұлы мереке, 9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз! Еліміз бейбіт, аспанымыз ашық болсын!
Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.05.2019

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесі құтты болсын!

Бұл күн тек жауынгерлердің немесе әскери қызметшілердің ғана емес, барша ер-аза­маттардың мейрамы. Кешегі «Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қол­ға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Ерлердің ісі бітер ме?» деп Махамбет жырлаған ерлердің күні. 7 мамыр – бұл жалпыхалықтық мейрам. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз кешегі батыр бабаларымыздың ержүрек істеріне сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз!
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.05.2019

«Жетісу көктемі» – жас әдебиетшілердің рухани мектебі

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жетісу көктемі» жас әдебиетшілер форумы биыл көркем Көлсайдың жағасында жалғасты. Әуелгіде өңірдегі жас қаламгерлердің басын қосып, ортақ шығармашылық аудито­рия қалыптастыру мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастау алған форум биыл Жастар жылымен ұштасты. Сондай-ақ форумды ұйымдастырған Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы осы жолғы «Жетісу көктемін» Кеген ауданының аумағындағы табиғат жау­һары – Көлсай маңында, Саты ауылында қарсы алуды ұйғарыпты. Екі күнге со­зылған шарада жетісулық қырықтан ас­там жас әдебиетші мен тілші ой-пікір ал­масып, әдеби шеберлік мектебінен өтті. Форумның алғашқы күні қатысу­шылар «Көлсай көлдері» ұлттық таби­ғи паркі мемлекеттік мекемесінің ғима­ратында секциялық отырыстарға қатысты. Секциялық жұмысқа сәттілік тілеген облыстық тілдерді дамыту жө&sh...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 03.05.2019

ТІЛ ТАРИХЫ: ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ ЖЫЛНАМА БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін қазақ басылымдарының қара шаңырағы «Егемен Қазақстан» газетінің жүз жылдық мерейтойына орай Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Тіл тарихы: жүз жылдық жылнама» атты публицистикалық байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау шарасы өтті. Жиында сөз алған Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев: «Егемен Қазақстан» газеті қазақ тілінің дамуы мен ұлттық тіл қорының жасақталуына, барлық мемлекеттік, қоғамдық іс шаралардың насихатталуына өлшеусіз үлес қосып жүрген отандық ақпарат кеңістігіндегі ерекше орны бар, өзіндік дәстүрі мен мол тәжірибесі қалыптасқан белді басылым. Байқауды ұйыдастырудағы мақсатымыз да осы. Ғасыр төрінен орын алған басылымның қазақ баспасөзіндегі орны мен мемлекеттік тілді насихаттаудағы рөліне баса назар аудару, басылымның халық арасында қазақ тілі әліпбиін латыннегізді әліпбиге көшірудің маңыздылығы мен өміршеңдігін дәріптеудегі ерекшелігіне т...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.05.2019

«Жетісу көктемі» Көлсай жағасында жалғасты

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастаруымен дәстүрлі «Жетісу көктемі» жас әдебиетшілер форумы биыл көркем Көлсайдың жағасында жалғасты. Әуелгіде өңірдегі жас қаламгерлердің басын қосып, ортақ шығармашылық аудитория қалыптастыру мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастау алған форум биыл «Жастар жылымен» ұштасты. Сондай-ақ форумды ұйымдастырған Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы осы жолғы «Жетісу көктемін» Кеген ауданының аумағындағы табиғат жауһары – Көлсай маңында, Саты ауылында қарсы алуды ұйғарыпты. Екі күнге созылған шарада жетісулық қырықтан астам жас әдебиетшілер мен тілшілер ой-пікір алмасып, әдеби шеберлік мектебінен өтті. Форумның алғашқы күні қатысушылар «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесінің ғимаратында секциялық отырыстарға қатысты. Секциялық жұмысқа сәттілік тілеген облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма...
Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 30.04.2019

1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы барша қазақстандықтарды татулық пен келісімнің мерекесі 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды! «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді қазақ халқы. Ауызбірлік пен түсіністік, сыйластық үстемдік құрған жерде нәтижелі істердің көрініс тауып, берекенің бастау алатыны белгілі. Бір шаңырақ астында жиналған тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымызға айналды. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы. Ынтымағы мен ырысы, татулығы жарасқан еліміздің көк байрағы желбірей берсін! Елдігіміз баянды, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Мереке құтты болсын!
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.04.2019

Білімді жастар сөз жарыстырды

«Мақал – сөздің мәйегі» ауданымызда бастау алған жастарға арналған жарқын жобалардың бірі десек те болады. Әдебиетімізді әспеттеп, нақыл сөздерді керек жерде саптай білуге тәрбиелейтін, мақсаты айқын, ұлтжандылыққа үндейтін осындай сөз жарыстары тіл мәдениетінің саласында қалыптасуы өте орынды деп білеміз. Аудан көлемінде насихатталып жүрген «Мақал – сөздің мәйегі» байқауы бүгін облыстық деңгейде аталып өтіліп, жалынды жастар жарыс алаңында тағы бас қосты. Қаскелең қаласындағы аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған рухани шараға Алматы облысына қарасты 17 ауданның және Талдықорған, Текелі, Қапшағай сияқты қалалардың намысын қорғауға 20 оқушы бақ сынауға келді. Байқаудың басы құттықтау сөзден, сәттілік тілеуден басталып, ортаға аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова мен Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев шақырылды. Ал, облыстық деңгейде өткізіліп отырған бұл жарысқа қара қылды қақ жарған қазылар өз төрелігін к...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: БАҚ біз туралы Уақыты: 29.04.2019

ҰШҚЫР ОЙЛЫ, ҮШКІР ТІЛДІ ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының екі жылдығына орай, рухани құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында өткен облыстық «Мақал - сөздің мәйегі» байқауы өз мәресіне жетті. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Қарасай аудандық әкімдігі бірлесе ұйымдастырған байқауға 14-17 жас аралығындағы облысымыздың 17 ауданы мен 3 қаласынан ұшқыр ойлы, үшкір тілді 20 сайыпқыран қатысты. Алғашқы сөз кезегін алған Алматы облысының тілдері дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев байқауға қатысушыларды айтулы шараның басталуымен құттықтап, үміткерлерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Гүлжан Әділханқызы ойыншыларға сәт сапар тілеп, ақ ниетін білдірді. Алты айналымнан тұратын байқауға, танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар, ақын Қуаныш Қолхаев, Қарасай аудандық тарихи өлкетану музейінің директоры, ақын Серік Қалиев қазылық...
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.04.2019
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.