Навигация

Серіктестер

Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

Алматы облысында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының тиісті тармақтарын орындау мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды. 15 тармақ. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында және оның филиалдарында мемлекеттік қызметшілерді латын графикасына үйрету. Жаңа емле ережелерімен мемлекеттік қызметшілерді таныстыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында 2019 жылдың басынан 33 семинар (8 сағаттық) ұйымдастырылып, 835 мемлекеттік қызметші қамтылды. Сонымен қатар, қайта даярлау курстары бағдарламасында қазақ тілі әліпбиінің латын графикасы негізінде жаңа емле ережелерімен таныстыру үшін 4 сағат оқыту қарастырылған. Бүгінгі күні 467 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан өтті. 16 тармақ. Оқыту орталықтарының оқыту...
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: Ақпарат 2020 Уақыты: 23.01.2020

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бойынша атқарылған шаралар «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы міндеттерінің ең бастысы – әліпби ауыстыру мәселесі. Осы тұрғыдан алғанда Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен облысымызда «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбындағы республикалық дәріс-семинар өтті. Семинар-дәрістің қорытындысы бойынша 60 адамға тренерлік сертификат табысталды. Дәл осындай дайындық курсы Нұр-Сұлтан қаласында да өтіп, 72 сағаттық оқыту курсына өңірімізден 26 адам (әдіскерлер мен оқытушылар) қатысып, арнайы тренерлік сертификатқа ие болды. Айта кету керек «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының 15 компьютеріне латын графикасымен белгіленген қазақ әліпбиінің пернетақтасы орнатылды. Клавиатураларды апробациядан өткізу шарасына түрлі сала қызметкерлері қамтылды. Олар мәтінді латыннегізді әліпбиде теріп, сауалнама толтырып, жаңа клавиа...
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: Ақпарат 2019 Уақыты: 05.01.2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Облысымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген шаралар «Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Бір өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш поэзия сүйер қауымға ұсынылды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жастарды сөз өнеріне баулу, рухани құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілдің қолданысын дамыту мақсатында «Мақал – сөздің мәйегі» байқауы ұйымдастырылды. Жас өнерендер сөз өнерінің құдіретін танып, жүздеген мақал-мәтелді жатқа айтқан сайыста Қымбат Сламбай (Қарасай ауданы) жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ, үшінші жыл қатарынан жүзеге асқан қос бірдей жобаның 2019 жылғы қорытындысы шығарылды. Олардың бірі облыс орталығы мен аудан, қалаларда жүргізілген «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты Буккроссинг жобасы. Ал, әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырған екінш...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: Ақпарат 2019 Уақыты: 05.01.2020

БАҒДАРЛАМА ЯСЫНДАҒЫ ТЫҢ ЖОБАЛАР

Латын әліпбиіне көшу жұмыстарымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында да бірқатар тың жобалар жүзеге асты. Мәселен, облыс әкімдігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығы аясында биыл «Жетісу көктемі» атты ІІ облыстық форум өтті. Екінші мәрте ұйымдастырылған ауқымды шараға Жастар жылына орай жас қаламгерлер мен тіл мамандары, мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері қатысты. Өткен жылғы Талдықорған қаласында өткен алғашқы форумның басты ерекшелігі – мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосып жүрген жас қаламгерлерді қолдау мақсатында проза мен поэзия бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығына арналған «Мәңгілік елдің мұраты» атты байқау жарияланып, жеңімпаздарға облыс әкімінің «Ақ қауырсын» әдеби жүлдесі табысталған болса, екінші бір ерекшелігі – Қазақстан Жазушылар Одағы құрамына ақын-жазушыларды қабылдау рәсімі тарихта тұңғыш рет Алматы қаласынан тыс...
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: Ақпарат 2019 Уақыты: 12.11.2019

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс шаралар жоспарын (бірінші кезең: 2018–2020 жылдар, екінші кезең: 2021–2023 жылдар, үшінші кезең: 2024–2025 жылдар) жүзеге асыру бойынша Алматы облысының 2018-2020 жылдарға (бірінші кезең) арналған іс шаралар жоспары бекітілді. Үстіміздегі жылы Талдықорған қаласында латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияларға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында дәріс болып өтті. Дәрісті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы...
Толығырақ... Оқылды: 152 Санат: Ақпарат 2019 Уақыты: 13.05.2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Бағдарламалық мақаланың екі жылдығына орайластырыла өткізілген бір ауқымды шара жас тілші-әдебиетшілердің «Жетісу көктемі» атты II облыстық форумы. Дәстүрлі шараға өңіріміздің аудан, қалаларынан жас қаламгерлер мен тілшілер, мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері қатысты. Биылғы жылы Кеген ауданында өткен жиынның ерекшелігі форум делегаттарының латыннегізді әліпбиге қатысты оқыған баяндамалары мен білдірген пікірлері. Осы ретте Кербұлақ ауданы Д. Қонаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кәмшат Чинарбаеваның мектеп оқушыларына арнап, жаңа әліпбиді меңгертудің тиімді жолы ретінде өзі құрастырып шығарған «Латын әліпбиін үйренейік!» атты көркем жазу үлгісі дәптерін көпшіліктің назарына ұсынғандығын мысалға алуға болады. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Бір өлеңі – бір әлем» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Ша...
Толығырақ... Оқылды: 98 Санат: Ақпарат 2019 Уақыты: 06.05.2019

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері

«Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері»«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес бекітілген жаңа әліпби бойынша әзірленді. Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері (Ереже) – латын графикасындағы қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат. Сонымен қатар латыннегізді жаңа әліпби бойынша қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын, дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады. Ережеде алдымен ұлттық тілдің жазу-сызумен байланысты: тілдің жалғамалылығы; тілдің ықшамдалуы; тіл дыбыстарының үндестігі; дауыссыздардың бір-бірімен үйлесімділігі, т.б. негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері ескерілді. Ереженің негізгі ұстанымы үшін фонематикалық принцип басшылыққа алынды. Сонымен қатар қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамындағы көне және кірме тілдік қабаттард...
Толығырақ... Оқылды: 245 Санат: Ақпарат 2018 Уақыты: 23.01.2019

ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВТЫҢ «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» МАҚАЛАСЫ НЕГІЗІНДЕ 2018 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттарының бірі – қазақ жазуын латыннегізді әліпбиге көшіру мәселесі. Басқарма бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізді. Наурыз айында А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының басшысы, Ұлттық комиссияның мүшесі Е. Қажыбек және аталған институттың ғалымы А. Фазылжанованың қатысуымен «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық негіздері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшу жобасы бойынша «Латын әліпбиі: алдағы міндеттер» тақырыбында семинар-кеңес, «Жаңа жазу – жаңа белес» атты дөңгелек үстел, «Қазақстандағы жазу тарихы және латын графикасын қабылдаудың ғылыми практикалық негіздері» атты конференция, «Латын әліпбиі: ізденіс, даярлық» атты семинар-тренинг ұйымдастырып, көпшілікке латыннегізді әліпбидің тиімді тұстары түсіндіріліп, емле ережесінің жобасы таныстырылды. Төл әліпбиді қолдау мақсатындағы &l...
Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: Ақпарат 2018 Уақыты: 09.01.2019

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйіні...
Толығырақ... Оқылды: 295 Санат: Ақпарат 2018 Уақыты: 21.11.2018

ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВТЫҢ «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» МАҚАЛАСЫ НЕГІЗІНДЕ 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында жыл басынан 3 мәрте «Әдебиет – руханияттың діңгегі» атты қазақ әдебиетінің үш буын өкілімен дәстүрге айналған кездесу кеші ұйымдастырылды. Ақпан айында – Жұмабай Шаштайұлы, Дәурен Қуат, Айнұр Төлеу, наурызда – Ғұсман Жандыбаев, Жанарбек Әшімжан, Мақпал Мыса, сәуірде – Бексұлтан Нұржекеұлы, Есей Жеңісұлы, Қанат Әбілқайыр әдебиет сүйер қауыммен қауышты. «Тағзым» әдеби-музыкалық еске алу шарасы да өз жалғасын тапты. Кеште Жетісу өңіріне еңбегі сіңген, бүгінде дүниеден озған сегіз бірдей әдебиет пен мәдениет саласы қызметкерлерінің есімі ұлықталды. Облысымызда 23-24 сәуір аралығында тұңғыш рет «Жетісу көктемі» атты жас әдебиетшілердің форумы өтті. Екі күнге созылған «Жетісу көктемі» облыстық форумы аясында жас қаламгерлер Қарасай ауданындағы Елбасының «Атаме...
Толығырақ... Оқылды: 353 Санат: Ақпарат 2018 Уақыты: 22.10.2018
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.