Навигация

Серіктестер

Ақпарат 2018

Латын әліпбиі: алдағы міндеттер

Санат: Ақпарат 2018
Уақыты: 17.05.2018
Оқылды: 334 Печать страницы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында алдымызға таяу жылдардағы орындайтын міндеттерді жүктеп, бірнеше жобаны жүзеге асыру қажеттігін тапсырды. Соның бірі – қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі. Бұл бағытта өңірімізде жүйелі жұмыстар атқарылуда. 
Бүгін Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қалалық Медициналық колледжінде «Латын әліпбиі: алдағы міндеттер» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысқан семинарда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері баяндама жасады. Болашақ ақ халатты абзал жандардың білім ордасында бас қосқан тіл жанашырлары қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы мен өміршеңдігіне тоқталды.
Алқалы жиында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев елімізде латын әліпбиіне кезеңдеп көшудің жоспары әзірленгендігін және төрт бірдей жұмыс тобының құрылғандығын тыңдаушылардың қаперіне салды. Өз сөзінде Айдар Карбозұлы: «Біз латын әліпбиіне көше отырып өркениетті елдердің қатарына қосыламыз. Тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталуы кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін де, болашақ үшін де әлдеқайда маңыздырақ. Бұл – уақыт талабы» деді.
Ал, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнеп Базарбаева латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінің орфографиялық және орфоэпиялық мәселелері жөнінде ой қозғады.
Семинар барысында Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Дана Пашан латын әліпбиінің шығу тарихын сөз етсе, Жанар Жұмабаева латын қарпіне көшудің тиімді тұстарын атап берді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.