Навигация

Серіктестер

Ақпарат 2018

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйіні...
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: Ақпарат 2018 Уақыты: 21.11.2018

ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВТЫҢ «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» МАҚАЛАСЫ НЕГІЗІНДЕ 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында жыл басынан 3 мәрте «Әдебиет – руханияттың діңгегі» атты қазақ әдебиетінің үш буын өкілімен дәстүрге айналған кездесу кеші ұйымдастырылды. Ақпан айында – Жұмабай Шаштайұлы, Дәурен Қуат, Айнұр Төлеу, наурызда – Ғұсман Жандыбаев, Жанарбек Әшімжан, Мақпал Мыса, сәуірде – Бексұлтан Нұржекеұлы, Есей Жеңісұлы, Қанат Әбілқайыр әдебиет сүйер қауыммен қауышты. «Тағзым» әдеби-музыкалық еске алу шарасы да өз жалғасын тапты. Кеште Жетісу өңіріне еңбегі сіңген, бүгінде дүниеден озған сегіз бірдей әдебиет пен мәдениет саласы қызметкерлерінің есімі ұлықталды. Облысымызда 23-24 сәуір аралығында тұңғыш рет «Жетісу көктемі» атты жас әдебиетшілердің форумы өтті. Екі күнге созылған «Жетісу көктемі» облыстық форумы аясында жас қаламгерлер Қарасай ауданындағы Елбасының «Атаме...
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: Ақпарат 2018 Уақыты: 22.10.2018

ЖАҢА ЖАЗУ – ЖАҢА БЕЛЕС

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесін алға қойған болатын. Осыған орай, қазақ жазуын латын графикасына көшірудің маңыздылығы мен өміршеңдігін халық арасында насихаттау мақсатында облыс көлемінде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соның бірі шілденің 20 күні Алакөл ауданында өткен «Жаңа жазу – жаңа белес» атты дөңгелек үстел. Тіл мамандары мен жанашырлары қатысқан аталмыш шара алға қойылған үлкен жоспарды жүзеге асыру жолындағы нақты міндеттерді айқындау, кең көлемде талқылау жүргізуді мақсат етті. Жиынға төрағалық еткен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Карбозұлы: «Латын әліпбиін енгізудің тиімді жолдарын қарастыру – ең өзекті мәселенің бірі екендігін уақыт көрсетіп отыр. Бұл еліміздің болашағы үшін жасалған тың қадам. Сондықтан, бүгінгі жиын барысында маңызды ойлар және құнды пікірлермен алмасатын боламыз» деді...
Толығырақ... Оқылды: 96 Санат: Ақпарат 2018 Уақыты: 23.07.2018

Латын әліпбиі: алдағы міндеттер

ЕлбасыНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында алдымызға таяу жылдардағы орындайтын міндеттерді жүктеп, бірнеше жобаны жүзеге асыру қажеттігін тапсырды. Соның бірі – қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі. Бұл бағытта өңірімізде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгін Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қалалық Медициналық колледжінде «Латын әліпбиі: алдағы міндеттер» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысқан семинарда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері баяндама жасады. Болашақ ақ халатты абзал жандардың білім ордасында бас қосқан тіл жанашырлары қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы мен өміршеңдігіне тоқталды. Алқалы жиында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев елімізде латын әліпбиіне кезеңдеп көшудің жоспары әзірленгендігін және т...
Толығырақ... Оқылды: 103 Санат: Ақпарат 2018 Уақыты: 17.05.2018

Буккроссинг «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты еркін кітапалмасу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жылы бастау алған буккроссинг «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты еркін кітапалмасу шарасы Ақсу, Алакөл, Балқаш, Жамбыл, Іле, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Талғар, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларында жалғасын табуда. Аталған шараның негізгі мақсаты жастарды кітап оқуға тарту. Бүгінде Буккроссинг көшпелі кітапханасы қаланың 3 жеріне (Жастарға қызмет көрсету орталығы, Қаратал өзені жағалауы, Арбат) орналастырылды. Сондай-ақ, көпшіліктің сұранысына ие әлем классиктері мен қазақ классиктерінің, танымдық, психологиялық, балаларға арналған жаңа кітаптары кітап сөрелерін толықтырды.
Толығырақ... Оқылды: 135 Санат: Ақпарат 2018 Уақыты: 27.04.2018

Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту

Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында жыл басынан 3 мәрте «Әдебиет – руханияттың діңгегі» атты қазақ әдебиетінің үш буын өкілімен дәстүрге айналған кездесу кеші ұйымдастырылды. Ақпан айында – Жұмабай Шаштайұлы, Дәурен Қуат, Айнұр Төлеу, наурызда – Ғұсман Жандыбаев, Жанарбек Әшімжан, Мақпал Мыса, сәуірде – Бексұлтан Нұржекеұлы, Есей Жеңісұлы, Қанат Әбілқайыр әдебиет сүйер қауыммен қауышты. «Тағзым» әдеби-музыкалық еске алу шарасы да өз жалғасын тапты. Кеште Жетісу өңіріне еңбегі сіңген, бүгінде дүниеден озған сегіз бірдей әдебиет пен мәдениет саласының есімі ұлықталды. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 1 жылдығы қарсаңында өткізілетін көрмеге латын әліпбиіне көшуге байланысты бейнежазбалар, кітапшалар арнайы әзірленді. Наурыз айында А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының басшысы, Ұлттық комиссияның мүшесі Е. Қажыб...
Толығырақ... Оқылды: 164 Санат: Ақпарат 2018 Уақыты: 30.03.2018
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.