Навигация

Серіктестер

Ақпарат 2017

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі ақпараты (2017 жылғы тамыз айы бойынша)

Облыс көлемінде алғаш рет ұйымдастырылған «Латын әліпбиіне көшу: дайындық барысы» атты семинар-кеңеске Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияға қарасты Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру жұмыс тобының мүшелері, белгілі саясаткерлер, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтының қызметкерлері, тіл жанашырлары, БАҚ өкілдері қатысты. Семинар-кеңесте жұмыс тобы мүшелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қазақ жазуын латын графикасына көшіру қазақ халқының ұлттық бірегейлігін қалыптастыруда басты қадам болатынын, түркілік бірегейлікті нығайтудың маңызды тетігі екенін, ол қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін нығайта түсетінін, қазақ тілінің әлемдік ақпарат кеңістігіне енуі үшін қажетті алғышарт қалыптастырып, Қазақстанда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен таралуына мүмкіндік жасалатынын т.б. тиімді жақтарын түсіндірді (шараға қатысқандар саны &nda...
Толығырақ... Оқылды: 63 Санат: Ақпарат 2017 Уақыты: 05.09.2017

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарының 14-тармағын орындау мақсатында қазақ әліпбиін латынға көшіру бойынша жұмыс тобының атқарған жұмысы туралы ақпарат

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарының 14-тармағын орындау мақсатында қазақ әліпбиін латынға көшіру бойынша жұмыс тобының атқарған жұмысы туралы ақпарат Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдымызға таяу жылдардағы орындайтын міндеттерді жүктеп, бірнеше жобаны жүзеге асыру қажеттігін тапсырды. Соның бірі – қазіргі қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі. Бүгінгі күні Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіруді жалпыұлттық талқылау жөнінде жұмыс тобы құрылып, 2017 жылғы 16 маусымда алғашқы отырысы өтті. Топ құрамына білім, ішкі саясат, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасарлары, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары, «Нұр Отан» партиясы мен БАҚ өкілдері барлығы 22 адам кірді. Жұмыс тобының алдағы атқаратын жұмыс жоспары мен аудан, қалаларға шығу кестесі топ мүшелерімен келісіліп бекітілді....
Толығырақ... Оқылды: 73 Санат: Ақпарат 2017 Уақыты: 11.08.2017
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.