Навигация

Серіктестер

Ақпарат 2020

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

Санат: Ақпарат 2020
Уақыты: 23.01.2020
Оқылды: 74 Печать страницы

Алматы облысында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының тиісті тармақтарын орындау мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды.

15 тармақ. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында және оның филиалдарында мемлекеттік қызметшілерді латын графикасына үйрету.

Жаңа емле ережелерімен мемлекеттік қызметшілерді таныстыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында 2019 жылдың басынан 33 семинар (8 сағаттық) ұйымдастырылып, 835 мемлекеттік қызметші қамтылды. Сонымен қатар, қайта даярлау курстары бағдарламасында қазақ тілі әліпбиінің латын графикасы негізінде жаңа емле ережелерімен таныстыру үшін 4 сағат оқыту қарастырылған. Бүгінгі күні 467 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан өтті.

16 тармақ. Оқыту орталықтарының оқытушылары мен ересек тұрғындарды оқыту үшін филологтар мен лингвист ғалымдарды тарта отырып, семинарлар мен дәрістер, курстар ұйымдастыру.

2019 жылы латынграфикалы қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияларға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында семинар-дәріс өтті. Семинарды Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы орфография басқармасының басшысы, ф.ғ.к. А. Фазылжанова, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д. А. Жаңабекова, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты фонетика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. А. Аманбаева, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Ж. Жұмабаева жүргізді.

Екі күнге созылған семинар-дәрістің қорытындысы бойынша 60 адамға тренерлік сертификат табысталды. Сертификат алғандардың тізімінде «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары, аталған орталықтың аудандық, қалалық филиалдарының оқытушылары, қалалық және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің қызметшілері, «Азаматтарға арналған үкімет», Ұлттық банк, «Қазпошта» АҚ мекемелерінің филолог мамандары бар.

Ал «Латын графикасының емле ерекшеліктері» атты облыстық семинар-тренингке облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы А. Идигов және І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, философия докторы Г. Чукенаева, сондай-ақ, Талдықорған агротехникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері, Кербұлақ ауданы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі К. Шынарбаева, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының магистранттары қатысты.

Латынграфикалы қазақ әліпбиінің емле ережесін көпшілікке таныстыруда жаңа технологиялардың маңызы зор. «Емле ережелерінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтары» атты облыстық конференцияда республикалық Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ақпараттық технология және сараптама басқармасының басшысы Н. Сейсенбек орталықтың латын әліпбиін меңгерту мақсатында әзірлеген бірнеше IT жобаларымен таныстырды.

Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" Ұлттық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған арнайы тренерлерді даярлау курстарынан облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының 26 оқытушысы өтіп, тренерлік сертификатқа ие болды. Жоғары оқу орындарының 7 оқытушысы Нұр-Сұлтан қаласында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында оқытылды.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ересек аудиторияларға латынграфикалы әліпби мен оның емле ережелерін меңгертуге қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімінің қолдауымен облыстық бюджеттен 80 млн. теңге қаржы бөлініп, бұрын оқыту орталығы болмаған 10 ауданда (Ақсу, Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Кеген, Көксу, Кербұлақ, Панфилов, Райымбек, Талғар) «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық филиалдары ашылды.

Оқу орталығының барлық филиалдары заманауи үлгідегі материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта облыстағы 20 тіл оқыту орталығында 75 астам адам жұмыс істейді.

Тренерлік курстан өткен әдіскерлер мен оқытушылар «Жаңа емле» оқу-әдістемелік құралын негізге ала отырып, 2 айға арналған 24 сағаттық бағдарлама әзірледі.

Осы бағдарламаның негізінде 2019 жылдың маусым айынан бастап латын әліпбиінің емле ережесін оқыту курсын бастады. Курспен 103 топта 1158 тыңдаушы қамтылды (мемлекеттік қызметшілер - 338, мемлекеттік қызмет көрсету қызметкерлері (бюджеттік сала) - 516, әскери қызметкерлер -146, мемлекеттік емес және өзге де салалар бойынша -158 адам).

Тілдерді ересек аудиторияларға жан-жақты меңгерту мақсатында Басқарманың сайтында (http://tildamytu-tdk.gov.kz/videos/) күн сайын онлайн көрсетілім арқылы сабақ өтуде. Бүгінгі күні 50 сабақ жүргізіліп, қаралым саны 7293-ке жетті.

22 тармақ. Орфографиялық ережелерді, орфоэпиялық ережелерді, кириллицадан латын графикасына қайта кодтаушы бағдарламасының жалпыға қолжетімділігін және жаппай енгізілуін қамтамасыз ету: ережелер мен қайта кодтаушының онлайн нұсқасын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің барлық ресми сайттарына орналастыру.

Орфографиялық ережелерді, орфоэпиялық ережелерді, кириллицадан латын графикасына қайта кодтаушы бағдарламасының жалпыға қолжетімділігін және жаппай енгізілуін қамтамасыз ету мақсатында: ережелер мен қайта кодтаушының онлайн нұсқасы Алматы облысының аудандары мен қалалары әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың ресми сайттарында орналастырылды.

47 тармақ. «Теле- және радиоарналарда, мерзімді баспа басылымдарында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге арналған тақырыптық айдарлар мен бағдарламалар ашуды ұйымдастыру».

Облыс әкімінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі З. Қожакееваның жүргізуімен облыстық «Жетісу» телеарнасында латынграфикалы қазақ тілі әліпбиі мен жаңа емле ережелерін үйренуге арналған «Латыннегізді әліпби» телехабары көрсетілуде. Бүгінгі күнге дейін 14 телехабар көрермен назарына ұсынылды.

48 тармақ. Телеарналардың жаңалықтар шығарылымдарымен талдамалық бағдарламаларында, баспа БАҚ-та және медиаинтернет-ресурстарда «оқиғалар қатары» іс-шараларын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

2019 жылы облыстық, аудандар мен қалалардың жергілікті газеттерінің беттерінде 1379 мақала басылып шықты. Облыстық және өңірлік электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының (теле-,радио) жаңалықтарында 92 тақырыптық сюжет, интернет–ресурстарда 1945-тен астам мақала шығарылды. Барлық қала мен аудандарда қазақ тілінің латын графикасына көшу бойынша билбордттар орналастырылды.

«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ-нің бөлім басшылары Т. Рахымберлина мен Е. Ақшабаевтың қатысуымен «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде желі қолданушыларының тілдік ахуал, латынграфикалы әліпбидің маңыздылығы туралы сауалдарына жауап берілді.

Сонымен қатар, облыста 2019 жылы «Қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуі» арнайы жобасы аясында жоспарға сәйкес және жоспардан тыс 47040 адамның қатысуымен 784 іс-шара ұйымдастырылды, осы шаралар туралы хабарлар «Жетісу» телеарнасының жаңалықтар топтамасында көрсетілді.

50 тармақ. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бейне блоктар жариялау.

Облыстық «Жетісу» телеарнасымен бірлесе «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты 20 бейнеблоктар топтамасы дайындалды және облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы көрермен қауым назарына ұсынылды.

51 тармақ. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің жетістіктері туралы әлеуметтік роликтер топтамасын дайындауды және оларды одан әрі әлеуметтік желілер мен бейнепорталдарда орналастыра отырып, республикалық және өңірлік телеарналарда таратуды қамтамасыз ету.

Облыстық «Жетісу» телеарнасымен бірлесе дайындалған «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты 20 бейнеблоктар топтамасы Тілдерді дамыту басқармасының ресми парақшаларында орналастырылды.

52 тармақ Мемлекеттік тілдегі мотиваторлық постарды жастар арасында танымал әлеуметтік желілерде латын графикасында жариялау

Облыстың тілдерді дамыту басқармасы, аудандары мен әкімдіктерінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің көпшілікке танымал әлеуметтік желілеріндегі арнайы ресми парақшаларында мотиваторлық постарды мемлекеттік тілде жариялау кезінде латын графикасында жазу практикасы қолға алынуда.

Қазақстан халқы тілдерінің күні қарсаңында әртүрлі этнос жастары арасында #«Ózimtýraly» тақырыбында акция ұйымдастырылды. Қатысушылар латын графикасында өздері туралы шағын мәлімет жариялады. Бұл бағыттағы акциялар аудан, қалаларда да өтті.

Алдағы уақытта да жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жалғасатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.