Навигация

Серіктестер

Ақпарат 2019

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

Санат: Ақпарат 2019
Уақыты: 05.01.2020
Оқылды: 39 Печать страницы

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бойынша атқарылған шаралар

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы міндеттерінің ең бастысы – әліпби ауыстыру мәселесі. Осы тұрғыдан алғанда Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен облысымызда «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбындағы республикалық дәріс-семинар өтті. Семинар-дәрістің қорытындысы бойынша 60 адамға тренерлік сертификат табысталды. Дәл осындай дайындық курсы Нұр-Сұлтан қаласында да өтіп, 72 сағаттық оқыту курсына өңірімізден                  26 адам (әдіскерлер мен оқытушылар) қатысып, арнайы тренерлік сертификатқа ие болды.

Айта кету керек «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының 15 компьютеріне латын графикасымен белгіленген қазақ әліпбиінің пернетақтасы орнатылды. Клавиатураларды апробациядан өткізу шарасына түрлі сала  қызметкерлері қамтылды. Олар мәтінді латыннегізді әліпбиде теріп, сауалнама толтырып, жаңа клавиатураның тиімділігі мен қолайсыз тұстары туралы өз ұсыныстарын білдірді.

Басқарма ұйымдастырған «Латын графикасының емле ерекшеліктері» атты семинар-тренинг және «Емле ережелерінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтары» атты конференцияда латыннегізді графикаға көшудің маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, қазақ тілі әліпбиін латыннегізді әліпбиге көшірудің маңыздылығы мен  өміршеңдігін дәріптеудегі өзіндік орны бар басылым республикалық «Егемен Қазақстан» газеті. Ғасыр төрінен орын алған газеттің  жүз жылдық мерейтойына орай журналистер арасында «Тіл тарихы: жүз жылдық жылнама» атты публицистикалық байқауы болып өтті.

Жалпы облыс тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеруіне қолайлы жағдай жасап, үйрету және оқыту жұмыстарын қарқынды жүргізу мақсатында 2019 жылы облыста бұрын оқыту орталығы болмаған 10 ауданда (Ақсу, Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Кеген, Көксу, Кербұлақ, Панфилов, Райымбек, Талғар) тіл оқыту орталықтарының филиалдары ашылды. Қазіргі уақытта облыста заманауи үлгіде жабдықталған 20 тіл оқыту орталығы (облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және аудан қалаларда орналасқан 19 филиал) жұмыс жасауда.

Латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, көпшілікке үйрету, қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Жетісу» телеарнасынан  «Латыннегізді әліпби» атты телехабар облыс тұрғындарының назарына ұсынылды.

Тілдерді ересек аудиторияларға жан-жақты меңгерту мақсатында Басқарманың сайтында (http://tildamytu-tdk.gov.kz/videos/) күн сайын онлайн көрсетілім арқылы сабақ өтуде.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.