Навигация

Серіктестер

Ақпарат 2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Санат: Ақпарат 2019
Уақыты: 05.01.2020
Оқылды: 53 Печать страницы

Облысымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген шаралар

«Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында  ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Бір өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш поэзия сүйер қауымға ұсынылды.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жастарды сөз өнеріне баулу, рухани құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілдің қолданысын дамыту мақсатында «Мақал – сөздің мәйегі» байқауы ұйымдастырылды. Жас өнерендер сөз өнерінің құдіретін танып, жүздеген мақал-мәтелді жатқа айтқан сайыста Қымбат Сламбай (Қарасай ауданы) жеңіс  тұғырынан көрінді.

Сондай-ақ, үшінші жыл қатарынан жүзеге асқан қос бірдей жобаның 2019 жылғы қорытындысы шығарылды.  Олардың бірі облыс орталығы мен аудан, қалаларда жүргізілген «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты Буккроссинг жобасы.

Ал, әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырған екінші жоба «Жетісудың жыр керуені» деп аталады. Жоба аясында танымал тұлғалар мен жас әдебиетшілер Алматы облысында дүниеге келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып, бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желідегі парақшаларына орналастырған белсенді қатысушылар Тіл мерекесі қарсаңында марапатталды. «Ең жас қатысушы» номинациясына ие болған           6 жасар Айша Бестібайға жиылған қауым зор қошемет көрсетті.

Мерекелік шарада облыс әкімі А. Баталовтың қолдауымен жарық көрген «Ақ қауырсын» кітабының тұсауы кесілді. Кітапқа 2018 жылы өткен «Мәңгілік елдің мұраты» атты байқаудың қорытындысы бойынша ең озық деп танылған туындылар топтастырылды.

Бағдарламалық мақаланың екі жылдығына орайластырыла өткізілген тағы бір ауқымды шара жас тілші-әдебиетшілердің «Жетісу көктемі» атты             ІІ облыстық форумы. Дәстүрлі шараға өңіріміздің аудан, қалаларынан жас қаламгерлер мен тілшілер, мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері қатысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.