Навигация

Серіктестер

Ақпарат 2019

БАҒДАРЛАМА ЯСЫНДАҒЫ ТЫҢ ЖОБАЛАР

Санат: Ақпарат 2019
Уақыты: 12.11.2019
Оқылды: 78 Печать страницы

              Латын әліпбиіне көшу жұмыстарымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында да бірқатар тың жобалар жүзеге асты.

              Мәселен, облыс әкімдігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығы аясында биыл «Жетісу көктемі» атты ІІ облыстық форум өтті. Екінші мәрте ұйымдастырылған ауқымды шараға Жастар жылына орай жас қаламгерлер мен тіл мамандары, мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері қатысты.

              Өткен жылғы Талдықорған қаласында өткен алғашқы форумның басты ерекшелігі – мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосып жүрген жас қаламгерлерді қолдау мақсатында проза мен поэзия бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығына арналған «Мәңгілік елдің мұраты» атты байқау жарияланып, жеңімпаздарға облыс әкімінің «Ақ қауырсын» әдеби жүлдесі табысталған болса, екінші бір ерекшелігі – Қазақстан Жазушылар Одағы құрамына ақын-жазушыларды қабылдау рәсімі тарихта тұңғыш рет Алматы қаласынан тыс жерде өткізіліп, куәлік табыс етілді. Ал биыл Жетісу жауһарының бірі, тамылжыған табиғатымен ерекшеленетін келісті Кеген ауданында болды. Форум делегаттарының латыннегізді әліпбиге қатысты оқыған баяндамалары, ынтымағы мен бірлігі жарасқан этнос жастарының мемлекеттік тілді жетік меңгерудің маңызы және мүмкіндіктері туралы пікірлері, секция жұмысындағы дәрістер, қатысушы жастардың болашағына бағыт берер маңыздылығымен ерекшеленді.

                Сондай-ақ, үшінші жыл қатарынан қос бірдей жоба жүзеге асуда. Олардың бірі облыс орталығы мен аудан, қалаларда жүзеге асып жатқан «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты Буккроссинг жобасы.

                 Ал, әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырған екінші жоба «Жетісудың жыр керуені» деп аталады.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.