Навигация

Серіктестер

Ақпарат 2019

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

Санат: Ақпарат 2019
Уақыты: 13.05.2019
Оқылды: 152 Печать страницы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс шаралар жоспарын (бірінші кезең: 2018–2020 жылдар, екінші кезең: 2021–2023 жылдар, үшінші кезең: 2024–2025 жылдар) жүзеге асыру бойынша Алматы облысының 2018-2020 жылдарға (бірінші кезең) арналған іс шаралар жоспары бекітілді.

Үстіміздегі жылы Талдықорған қаласында латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияларға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында дәріс болып өтті. Дәрісті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы орфография басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова және А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Айман Жаңабекова оқыды. Дәрісті облысық басқармалардың қызметшілері, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары және аталған орталықтың аудандық, қалалық филиалдарының оқытушылары, Талдықорған қаласы әкімдігінің қызметшілері, облыс, Талдықорған қаласы әскери бөлімдері, Төтенше жағдайлар департаменті, облыстық аурухана, «Азаматтарға арналған үкімет», Ұлттық Банк, «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері тыңдады. «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық семинардың қорытындысы бойынша 60 адамға салтанатты түрде сертификат табыс етілді. Екі күнге созылған семинарға қатысушылар «Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің мақсаты», «Жаңа қазақ әліпбиінің графикасы мен құрамы», «Бірге жазылатын сөздердің емлесі», «Дефиспен жазылатын сөздер емлесі», «Шеттілдік сөздердің орфографиялануы және орфоэпиясы», «Бас әріппен жазылатын сөздердің емлесі» тақырыптары бойынша білімдерін жетілдірді. «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» атты облыстық семинар-кеңес өтті. Шараға төтенше жағдайлар департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, «Қазпошта» АҚ, Ұлттық банк, әскери бөлімдер, балабақша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлері қатысты. Шараның негізгі мақсаты – латын әліпбиіне көшудің тиімділігі жөнінде терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Талдықорған агро-техникалық колледжінде «Латын графикасының емле ерекшеліктері» атты облыстық семинар-тренинг өтті. Семинарға Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Журналистер академиясының академигі, облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов және І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, философия докторы Гүлім Чукенаева, сондай-ақ, Талдықорған агро-техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері, Кербұлақ ауданы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Камшат Шынарбаева, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының магистранттары қатысты. «Жаңа әліпби – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында семинар өтті. Семинарға басқарма қызметшілері, «Тіл» орталығының оқытушылары, облыстық әділет департаменті, сот сараптама орталығы, статистика департаменті, полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, обаға қарсы күрес станциясы, облыстық онкологиялық диспансері, Қазпошта, калалық білім бөлімінің білім беру ұйымы, халыққа қызмет көрсету орталығы, әскери бөлім қызметкерлері қатысты. Семинарға қатысушыларға латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы мағлұмат берілді. Латыннегізді қазақ әліпбиінің емле ережесі түсіндірілді. Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Емле ережелерінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтары» атты облыстық конференция болып өтті. Шараға білім беру ұйымдары, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық филиалдары, облыстық полиция департаменті, Талдықорған политехникалық колледжінің оқытушылары қатысты. Республикалық Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ақпараттық технология және сараптама басқармасының басшысы Нұржан Сейсенбек орталықтың латын әліпбиін меңгерту мақсатында әзірлеген бірнеше IT жобаларымен таныстырды. Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Емле ережелерінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтары» атты облыстық конференция болып өтті. Шараға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, білім беру ұйымдары, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық филиалдары, облыстық Полиция департаменті, Талдықорған политехникалық колледжінің оқытушылары қатысты. Нұр-Сұлтан қаласынан келген Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ақпараттық технология және сараптама басқармасының басшысы Н. Сейсенбек орталықтың латын әліпбиін меңгерту мақсатында әзірлеген бірнеше IT жобаларымен таныстырды. Олар: Qazlatyn.kz, Tilqural.kz, Sozdikqor.kz порталдары және 2019 жылы шыққан отандық өнім «Селтең сері» атты 70 минуттық толықметражды мультфильм. «3D» графикасымен жасалған анимациялық фильмде кейіпкер шытырман оқиғаларға тап бола отырып, туған жерді сүю, отанды қорғау, достық пен сенім, ауызберлік сынды жақсы қасиеттерді үйренеді. Сондай-ақ аудан, қалаларда түрлі тақырыптарда барлығы 199 шара ұйымдастырылды. Үстіміздегі жылғы сәуір айында барлық аудан, қалаларда әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, жалпы 2018 респондент қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша тұрғындардың 54,3% латыннегізді әліпбиге көшуді қолдайтындығын көрсетті. Ұйымдастырылған шаралар жөнінде республикалық, жергілікті БАҚ-та 70 материал жарияланды.

«Тіл» оқу-әдістемелік орталығының 9 филиалындағы оқытушыларды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында латыннегізді әліпбидің емле ережелерін меңгерту мақсатындағы бүгінгі күні 10 адам курстан өтті. Дәл осындай дайындық курсын Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы үстіміздегі жылдың 26 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында да өткізуде. 72 сағаттық оқыту курсына өңірімізден баратын филолог мамандардың тізімі жасалып, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары курстан өтуде. Бүгінгі күнге 11 адам тренерлік сертификат алды. Латыннегізді әліпбиді меңгерту мақсатында Басқарманың сайтында (http://tildamytu-tdk.gov.kz/videos/) күнделікті онлайн сабақ жүргізілуде. Сабақты облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары жүргізеді. Бүгінгі күнге дейін 17 сабақ өтіп, қаралым саны 768-ге жетті. Сонымен қатар латыннегізді әліпбиді меңгертуге қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен оқыту орталығы жоқ 10 ауданда (Ақсу, Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Кеген, Көксу, Кербұлақ, Панфилов, Райымбек, Талғар) тіл оқыту орталықтарының филиалдарын ашуға байланысты жергілікті бюджеттен 80 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс әкімдігінің қаулысы шығарылды. Алдағы уақытта барлық аудан, қалаларда «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының филиалдары латыннегізді әліпбиді меңгерту бойынша жүйелі жұмыс жасайтын болады. Алдағы уақытта «Жетісу» телеарнасымен бірлесе латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, бейімделу, көпшілікке үйрету, қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Латыннегізді жаңа әліпби» атты жобаға сәйкес телебағдарлама эфирге шығатын болады.

 

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.