Навигация

Серіктестер

Ақпарат 2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Санат: Ақпарат 2019
Уақыты: 06.05.2019
Оқылды: 98 Печать страницы

Бағдарламалық мақаланың екі жылдығына орайластырыла өткізілген бір ауқымды шара жас тілші-әдебиетшілердің «Жетісу көктемі» атты II облыстық форумы. Дәстүрлі шараға өңіріміздің аудан, қалаларынан жас қаламгерлер мен тілшілер, мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері қатысты. Биылғы жылы Кеген ауданында өткен жиынның ерекшелігі форум делегаттарының латыннегізді әліпбиге қатысты оқыған баяндамалары мен білдірген пікірлері. Осы ретте Кербұлақ ауданы Д. Қонаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кәмшат Чинарбаеваның мектеп оқушыларына арнап, жаңа әліпбиді меңгертудің тиімді жолы ретінде өзі құрастырып шығарған «Латын әліпбиін үйренейік!» атты көркем жазу үлгісі дәптерін көпшіліктің назарына ұсынғандығын мысалға алуға болады. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Бір өлеңі – бір әлем» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Шараға І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері, «Мизам» әдеби клубының мүшелері қатысып, поэзияға шөліркеген қауымның мауқын басты. Ал Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығына орайластырылып рухани құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған 14-17 жас аралығындағы 20 өрен бақ сынасқан «Мақал – сөздің мәйегі» байқауында Қарасайлық Қ. Сламбай бас жүлдені иеленді. Облысымызда тұңғыш рет 6-11 сынып оқушылары арасында қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі – «Қобыланды батыр» жырының Марабай нұсқасын жатқа айтудан өткен байқауға 51 үміткер қатысты. Олардың ішінен Іле ауданынан келген Е. Төлегенов бас жүлдені қанжығасына байлады. Сондай-ақ, облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен үшінші жыл қатарынан қос бірдей жоба жүзеге асуда. Олардың бірі облыс орталығы мен аудан, қалаларда жүзеге асып жатқан «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты буккроссинг жобасына 4629 оқырман қатысып, кітап сөресіне 5045 кітап қойылды. Ұйымдастырылған шара бойынша 88 материал жарияланған. Ал әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырған екінші жоба «Жетісудың жыр керуені» деп аталады. Жоба аясында танымал тұлғалар мен жас әдебиетшілер Алматы облысында дүниеге келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып, бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желідегі парақшаларына салуда. Бағдарламалық мақаланың екі жылдығына орайластырыла өткізілген бір ауқымды шара жас тілші-әдебиетшілердің «Жетісу көктемі» атты II облыстық форумы. Дәстүрлі шараға өңіріміздің аудан, қалаларынан жас қаламгерлер мен тілшілер, мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері қатысты. Биылғы жылы Кеген ауданында өткен жиынның ерекшелігі форум делегаттарының латыннегізді әліпбиге қатысты оқыған баяндамалары мен білдірген пікірлері. Осы ретте Кербұлақ ауданы Д. Қонаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кәмшат Чинарбаеваның мектеп оқушыларына арнап, жаңа әліпбиді меңгертудің тиімді жолы ретінде өзі құрастырып шығарған «Латын әліпбиін үйренейік!» атты көркем жазу үлгісі дәптерін көпшіліктің назарына ұсынғандығын мысалға алуға болады. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Бір өлеңі – бір әлем» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Шараға І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері, «Мизам» әдеби клубының мүшелері қатысып, поэзияға шөліркеген қауымның мауқын басты. Ал Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығына орайластырылып рухани құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған 14-17 жас аралығындағы 20 өрен бақ сынасқан «Мақал – сөздің мәйегі» байқауында Қарасайлық Қ. Сламбай бас жүлдені иеленді. Облысымызда тұңғыш рет 6-11 сынып оқушылары арасында қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі – «Қобыланды батыр» жырының Марабай нұсқасын жатқа айтудан өткен байқауға 51 үміткер қатысты. Олардың ішінен Іле ауданынан келген Е. Төлегенов бас жүлдені қанжығасына байлады. Сондай-ақ, облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен үшінші жыл қатарынан қос бірдей жоба жүзеге асуда. Олардың бірі облыс орталығы мен аудан, қалаларда жүзеге асып жатқан «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты буккроссинг жобасына 4629 оқырман қатысып, кітап сөресіне 5045 кітап қойылды. Ұйымдастырылған шара бойынша 88 материал жарияланған. Ал әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырған екінші жоба «Жетісудың жыр керуені» деп аталады. Жоба аясында танымал тұлғалар мен жас әдебиетшілер Алматы облысында дүниеге келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып, бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желідегі парақшаларына салуда.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.