Навигация

Серіктестер

Ақпарат 2019

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс шаралар жоспарын (бірінші кезең: 2018–2020 жылдар, екінші кезең: 2021–2023 жылдар, үшінші кезең: 2024–2025 жылдар) жүзеге асыру бойынша Алматы облысының 2018-2020 жылдарға (бірінші кезең) арналған іс шаралар жоспары бекітілді. Үстіміздегі жылы Талдықорған қаласында латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияларға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында дәріс болып өтті. Дәрісті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы...
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: Ақпарат 2019 Уақыты: 13.05.2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Бағдарламалық мақаланың екі жылдығына орайластырыла өткізілген бір ауқымды шара жас тілші-әдебиетшілердің «Жетісу көктемі» атты II облыстық форумы. Дәстүрлі шараға өңіріміздің аудан, қалаларынан жас қаламгерлер мен тілшілер, мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері қатысты. Биылғы жылы Кеген ауданында өткен жиынның ерекшелігі форум делегаттарының латыннегізді әліпбиге қатысты оқыған баяндамалары мен білдірген пікірлері. Осы ретте Кербұлақ ауданы Д. Қонаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кәмшат Чинарбаеваның мектеп оқушыларына арнап, жаңа әліпбиді меңгертудің тиімді жолы ретінде өзі құрастырып шығарған «Латын әліпбиін үйренейік!» атты көркем жазу үлгісі дәптерін көпшіліктің назарына ұсынғандығын мысалға алуға болады. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Бір өлеңі – бір әлем» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Ша...
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: Ақпарат 2019 Уақыты: 06.05.2019
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.